САЙРАМ: КЕЗЕКТІЛІК БОЙЫНША ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

САЙРАМ: КЕЗЕКТІЛІК БОЙЫНША ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Аңсар Өсербаев бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келгендердің дені инфрақұрылым мәселесін алға тартса, бірқатар тұрғындар заңсыз құрылыс, үй кезегі және құжат мәселесімен жүгінді. Қабылдау барысында Аңсар Өсербаев әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, заңдылыққа сәйкес түсініктеме берді.
Осы уақытқа дейін жеке қабылдауға 81 азамат жазылған. Аудан әкімінің орынбасары тұрғындар тарапынан айтылған барлық мәселелер бақылауында болатынын жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Президенттің энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, сазгер, Қазақстанның халық жазушысы, «Парасат» орденінің иегері Исраил Сапарбайдың дүниеден өтуіне...

Премьер-министр Олжас Бектенов «Металлург күні» кәсіби мерекесіне орай тау-кен металлургия саласының еңбеккерлеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік...