САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ А.СӘБИТОВ ҚАРАБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ А.СӘБИТОВ ҚАРАБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Президент Қасым -Жомарт Тоқаевтың басты тапсырмасы- ауылдың дамуына, халықтың табысының артуына, тұрғындарды жұмыспен қамтуға арналған. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттырып, оларға өз ісін ашуға мүмкіндік береді.
Бүгін аудан әкімі Арман Сәбитов 58 мыңнан астам тұрғыны бар Қарабұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуде Әулиекөл көшесінің тұрғындары тротуар, жол, трансформатор, табиғи газ, мектеп салу мәселелерін көтерді. Аудан басшысы қарашаның 5 -іне дейін аталған көшеге транформатор орнатып, тас төсеп беруге уәде берді. Ал газ, жол, свет, тротуар мәселелері бойынша үстіміздегі жылы жобалық сметталық құжаттары әзірленіп , 2025 жылы құрылыс жұмыстары басталатынын айтты. Сонымен қатар, Мектеп құрылысын яғни жекеменшік мектепті жеке кәсіпкерлер тарапынан салдыру жоспарда бар екенін жеткізді.
Бұдан соң аудан әкімі А. Сәбитов Қарабұлақ ауылында орналасқан Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесті. Жиында Рүстемов көшесіндегі қызыл сызықта орналасқан нысандарды қалыпқа келтіріп, көшені абаттандыру, гүл отырғызуға арналған (бордюр) қоршауларды алып тастап, оның орнына автотұрақ жасап беру туралы өтініштер айтылды.Сондай-ақ, "Ардагерлер саябағын" жоспарға сәйкес, басқа жерге көшіру мәселелері көтерілді.
Жалпы, бүгінгі кездесу ерекше форматта өтті. Аудан басшысы ауыл тұрғындары көтерген проблемалық аймақтарға тұрғындармен бірге барып, түйіткілді мәселелердің шешілуіне мейлінше күш салатынын айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президентке Агенттік төрағасы ведомствоның бақылау функцияларын орындауы жөнінде, оның ішінде былтыр қабылданған монополияға қарсы шаралардың...

Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме...

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылын іске асыру шаралары жөніндегі Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканың...

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу мәселелері қаралды....