САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін аудан әкімі Арман Сәбитов бірқатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Келушілер арасында негізінен тұрғын үй, әлеуметтік сала және инфрақұрылым мәселелері, емхана салуға жер сынды талап-тілектерін жеткізді.
Мәселен, Көлкент ауылдық округінің тұрғыны Алмазар көшесіндегі электр бағаналарын ауыстыру және аталған көшеге асфальт төсеу мәселесін алға тартты. Жалпы Алмазар көшесінің 2200 метрге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселіп, халыққа пайдалануға берілген. Ал қалған 767 метр көшеге ЖСҚ әзірленуде. Электр бағаналары 2025-2027 жылдары толық ауыстырылады деп жоспарлануда, бұл турасында тұрғынға істің мән жайы толық айтылды.
Кездесуде аудан әкімі Арман Сәбитов қабылдауға келген азаматтардың мәселелері жан-жақты зерттеліп, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын атап өтті. Сондай-ақ, Арман Сәбитов әрбір азаматтың өтінішін тыңдап, аудан тіршілігіне бейжай қарамайтын белсенді тұрғындарға алғысын білдірді. Жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.
Айта кетеін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы «Азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел әрі тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру» міндетін қойды. Содан бері билік пен қоғам арасындағы байланыс механизмдері жетілдірілді.
Елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған мұндай бағдарламаларды біреу білсе, біреу білмей жатады. Сол себепті мұндай бағдарламалардың жұрт игілігін көруі үшін осы жобаларды насихаттап, түсіндіру де маңызды болып отыр.
«Еститін мемлекет» бірінші кезекте халықтың үніне құлақ салып, олардың мұң-мұқтажын ескеруі тиіс.
Мұны президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында атап өткен болатын. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында халық пен билік арасында диалог болуы шарт деген бағытты барлық мемлекеттік қызметшілер ұстануы шарт.
Ұлттық құрылыстың қазіргі кезеңінде Қазақстан Республикасы қарқынды саяси өзгерістер кезеңін бастан кешіп жатыр. Саяси модернизацияның тұжырымдамалық фрейміне «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» моделі арқау болды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» — бұл үкіметтің азаматтармен өзара әрекеттесу, оларды толғандыратын мәселелер мен қажеттіліктерін түсіну бойынша белсенді күш-жігеріне баса назар аударатын мемлекеттік саясат тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдама үкімет пен қоғам арасындағы ашық әрі айқын байланыс арналарын құруды көздеп, шешімдерді әзірлеу және қабылдау процесінде азаматтардың дауысын естуге және ескеруге бағытталған.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі ақпаратты жай ғана тарату немесе «жоғарыдан төменге» саясатын жүзеге асыруға қарағанда, тиімді басқару бұдан да көп нәрсені қажет ететінін көрсетеді. Яғни кері байланыс, идеялар мен қоғамдық пікірді белсенді іздеудің маңызын мойындайды. Бұған қол жеткізуге жәрдемдесетін түрлі құралдар бар: қоғаммен кеңесу, сауалнамалар, жалпы жиналыстар, онлайн форумдар және басқа да қатысу тетіктері.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекетте» Үкімет азаматтарға ойларымен, идеяларымен және пікірлерімен алмасу үшін қолжетімді және ыңғайлы платформалар ұсынады. Бұл сандық платформалар және қоғамдық жиналыстар сияқты құралдар арқылы немесе т.б. жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекет азаматтардың наразылығын күтпей, олармен араласу мүмкіндіктерін белсенді түрде іздейді. Бұл әртүрлі дауыстарды тыңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір қауымдастықтарға немесе қызығушылық топтарына жүгінуді қамтуы мүмкін.
Мемлекет азаматтардың саясаттың қалай тұжырымдалатынын және жүзеге асырылатынын түсінуін қамтамасыз ете отырып, шешім қабылдау үдерісінің ашықтығын көрсетеді. Мұндай ашықтық мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға көмектеседі.
Азаматтарға олардың үлестері саяси шешімдерге қалай әсер еткені туралы кері байланыс тетіктерін құру өте маңызды. Бұл олардың дауыстары бағаланатынын және байыпты қабылданатынын көрсетуге көмектеседі.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі қоғамда әртүрлі көзқарастар болатынын мойындайды. Әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне, этникалық тегіне, жынысына немесе басқа факторларға қарамастан барлық дауыстардың ескерілуін қамтамасыз ету үшін қадамдар жасайды.
Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындаудың негізгі тетіктерінің бірі, ол – мемлекеттік органдар тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытылы және сапалы жауап беру.
Азаматтарға қолайлы болу үшін интернет-ресурста «Халықпен жұмыс» бөлімі ашылған, онда нормативтік-құқықтық актілер, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы және өтінішті қалай жолдау керектігі туралы ақпараттар орналастырылған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қостанайға жұмыс сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев өңірдегі бірқатар өндірістік нысандарды аралады. ​Министр Индустриалды аймақтағы Kia...

Мәртебелі меймандар Қаржы орталығының жетістіктерімен танысты. Сондай-ақ АХҚО Соты, Қаржы қызметін реттеу комитеті, биржа және Халықаралық төрелік...