СОЗАҚ: «SAMRUK-KAZYNA CONSTRUCTION» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ МӘУЛЕН ЗАРЛЫҚҰЛЫ АУДАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

СОЗАҚ: «SAMRUK-KAZYNA CONSTRUCTION» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ МӘУЛЕН ЗАРЛЫҚҰЛЫ АУДАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Бүгін ауданға «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Зарлықұлы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында аудан орталығында «Жайлы мектеп» жобасы аясында жүріп жатқан 900 орындық Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің құрылыс аумағында болды. Онда құрылысқа қатысты туындаған мәселелерді талқылап, бұл жөнінде аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Басқарма төрағасы Мәулен Зарлықұлы мердігер мекеме басшылығына құрылыс және жабдықтау жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.
Айта кетейік, жаңа мектептің техникалық жарақтандыру үлесі 4 есеге ұлғайтылып, робототехника кабинеттері, зертханалар, хореография залдары қарастырылып отыр. Оқу кабинеттері интерактивті тақталармен және компьютерлермен жабдықталатын болады. Жайлылық пен тиімділікті қаматамасыз етіп, мектепішілік кеңістік ыңғайлы болу мақсатында бастауыш сыныптар, орта/жоғары буын оқушылары үшін жеке блок жасалады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Су ресурстары және ирригация министрлігі 6 облыс әкімдігімен бірлесіп елді мекендерді көктемгі су тасқынынан қорғау мақсатында 56 жобаны іске асырып жатыр, деп...