Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Таукент кентінің тұрғындарымен кездесті. Онда бүгінге дейін атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
-Биылғы жылы Таукент кентінде тұрғындар сұранысына орай бірқатар жұмыстар атқарылуда. Аудандық бюджет есебінен Таукент кентінің Қ.Сатбаев, Е. Ерімбетов, Мыңжылқы, Тәуелсіздік, Болашақ, Мәңгілік ел, Тұран, Қаратау және Келіншектау көшелеріне көше жарықшамдары жүргізіліп, ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұған қосымша кент ішіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы мен Жыныс ата көшесі де қоса қымтылып, жарықтандырылды. Демеушілер есебінен Геологтар, Бейбітшілік және Тәуелсіздік көшесінің қалған бөлігіне көше жарықшамдарын орнату жұмыстары басталды. Жақын күнде іске қосылады. Сондай-ақ Жыныс ата елді-мекені тұрғындарының сұранысына орай ішкі көшелеріндегі электр бағаналары ауыстырылуда,-деді аудан басшысы.
Сонымен қатар, Таукент кентінде «Шолаққорған-су» КММ мекемесіне қарасты орталықтандырылған жылу қазандықтарында жүріп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысына да тоқталып өтті.
Жиын барысында тұрғындар аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды тыңдап, келелі жоспарлардан хабардар болып, бірқатар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Аудан басшысы алдарыңызға келудегі басты мақсатымыз туындаған сұрақтарды ашық түрде талқылап, алдағы атқарылар жұмыстарды пысықтап алу екенін айтты.
Жиын соңында бірқатар тұрғындар жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Айта кетеін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы «Азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел әрі тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру» міндетін қойды. Содан бері билік пен қоғам арасындағы байланыс механизмдері жетілдірілді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды. Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы.
Мемлекет басшысының бастамалары Қазақстанның болашағын айқындайтындығын нақты жеткізе келе, алдағы жолдың қиындығына қарамай ауқымды саяси өзгерістерді ашықтық, әділдік және өзара сенім арқылы жүзеге асыруымыздың маңызылығына тоқталды.
Елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған мұндай бағдарламаларды біреу білсе, біреу білмей жатады. Сол себепті мұндай бағдарламалардың жұрт игілігін көруі үшін осы жобаларды насихаттап, түсіндіру де маңызды болып отыр.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі қоғамда әртүрлі көзқарастар болатынын мойындайды. Әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне, этникалық тегіне, жынысына немесе басқа факторларға қарамастан барлық дауыстардың ескерілуін қамтамасыз ету үшін қадамдар жасайды.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындаудың негізгі тетіктерінің бірі, ол – мемлекеттік органдар тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытылы және сапалы жауап беру.
Азаматтарға қолайлы болу үшін интернет-ресурста «Халықпен жұмыс» бөлімі ашылған, онда нормативтік-құқықтық актілер, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы және өтінішті қалай жолдау керектігі туралы ақпараттар орналастырылған.
Тұжырымдаманы іске асыруда «Ашық үкімет» жобасын атап айтуға болады. Оның мақсаты – ашық және халық алдында есеп беруге міндетті мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту. Мәселен, «Ашық диалог» порталы мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы тиімді кері байланысты орнатуға арналған.