Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың аудан тұрғындары алдындағы есептік кездесуіне көтерілген өзекті мәселенің бірі жеке үйлерге тартылған интернет желісінің нашар жұмыс істеуі болатын.
Аудан әкімі көпшілікті толғандырған мәселені тез арада шешу мақсатында ауданымызға интернет желісін жүргізген «Транстелеком» АҚ мекемесінің өңірдегі басшылығымен келіссөздер жүргізіп, нәтижесіне түйіткілді мәселе алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешімін табатын болды.
Осы орайда, аталған мемекеменің техникалық директоры Лесбек Арзықұлов жауапты мамандармен бірге Балықты, Шрафкент, Ынтымақ және Састөбе елді мекендерін аралап, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Яғни, мәселені түбегейлі шешу мақсатында алдында тартылған желілердің орнына оптика желісі тартылып, интернет жылдамдығын арттыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылады.
Бұл жерде баяғыда тартылған желінің орнына оптика желісін тарту бағасы 15 мың теңге ал, жаңадан орнатамын деуші тұрғындарға 35 мың теңге болмақ. Жаңа желі тартылғаннан соң тұрғындар интернетті 2 ай тегін пайдалануға мүмкіндік алады.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс сымтетік: +7 702 241 22 77 Қасқатаев Ербол «Транстелеком» АҚ филиалының ІТ инжинері.