ТҮЛКІБАС: АЛДАҒЫ ЖЫЛЫ КЕМЕРБАСТАУ АУЫЛЫНЫҢ ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН КӨШЕЛЕРІН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖОСПАРЛАНУДА

ТҮЛКІБАС: АЛДАҒЫ ЖЫЛЫ КЕМЕРБАСТАУ АУЫЛЫНЫҢ ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН КӨШЕЛЕРІН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖОСПАРЛАНУДА

Кемербастау ауылы тұрғындарының көкейінде жүрген бұл мәселе келесі жылы өз шешімін табады деп күтілуде. Биыл аталған округ орталығының жөндеуді қажет ететін көшелерінің қажетті сметалық құжаттары дайындалып, соңғы заңнамалық талаптарға сай тиісті сараптама қорытындысын алу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл туралы бүгін аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов Кемербастау ауылдық округі тұрғындарының алдында берген есептік кездесуінде мәлімдеді.
Басым бөлігі сұрақ-жауап форматында ұласқан дәстүрлі жиында округ тұрғындары медицина, білім, мәдениет, ауыл шаруашылығы, жол саласы мен газ тартылмаған жаңа көшелерге газ құбырын тарту, ескірген электр бағаналарын ауыстыру, электр қуаттылығын арттыру және ауыз су, ағын су, қаңғыбас иттерге қатысты мәселелерді көтерді.
Аудан басшысы әр мәселеге жеке-жеке тоқталып, тез арада шешуге болатын мәселені уақыт жоғалтпай орындауға сол жерде жауапты мекеме басшысына тапсырып, ал уақыт пен қомақты қаржыны талап ететін мәселенің тиісті құжаттарын дайындауды жүктеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президентке Агенттік төрағасы ведомствоның бақылау функцияларын орындауы жөнінде, оның ішінде былтыр қабылданған монополияға қарсы шаралардың...

Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме...

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылын іске асыру шаралары жөніндегі Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканың...

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу мәселелері қаралды....