ТҮРКІСТАНДА КИБЕРСПОРТТАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА КИБЕРСПОРТТАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістанда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен өткен «Counter Strike: Global Offensive» және «FIFA-2023» ойын түрлерінен облыстық киберспорт турнирі өз мәресіне жетті.
Жарысқа облысымыздың аудан, қалаларынан 100-ден астам жастар қызығушылық танытып қатысты. Ойынның алғашқы күнінде, яғни іріктеу кезеңінде өзара мықтылар анықталып, жеңімпаз болған командалар ақтық кезеңге жолдама алды. Киберспортқа қызығушылық танытып келген жастардың басын қосқан бұл ойын түрі, барлық қатысушыларға тамаша көңіл-күй сыйлады. Ал екінші күні ойыншылар ойын көркін қыздыра түсті. Турнир соңында үздік деп танылған командаларды және жекелей қатысқан қатысушыларды Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекеменің басшысы Ернар Бектаев арнайы дипломдармен марапаттап, қаржылай сыйлықтар табысталды.
Киберспорт турнирі нәтижесі бойынша «Counter Strike: Global Offensive түрінен I орын «Ultra» командасына 500 000 теңге (Түркістан қаласы), II орын «Landodger» командасына 300 000 теңге (Түркістан қаласы), III орын «Ataquetion» командасына 200 000 теңге (Түркістан қаласы), ал «FIFA-2023» I орын Әлихан Молдаханға 500 000 теңге (Жетісай ауданы), II орын Ермахан Мұсаханға 300 000 теңге (Арыс қаласы), III орын Байсеит Сұлтанға 200 000 теңге (Түркістан қаласы) бұйырды.
Киберспорт – компьютерлік және видео ойындарға негізделген командалық не жекелей бақ сынайтын спорт түрі. Тарихы 70-жылдардан бастау алатын компьютер ойындары бүгінде әлемнің бірнеше елдерінде ресми спорт түрі деп танылып, әлемдік жарыстар өтіледі. Киберспорттың әлемдік аудиториясы 230 миллионнан асады.
Айта кетейік, турнирдің негізгі мақсаты – аудан, қалалық жастар арасындағы киберспортқа қызығушылығы жоғары жастардың басын қосу, ынтымақтастықты арттыру және облыс жастарын республикалық және әлемдік дәрежедегі ойындарға дайындау.
Айта кететін, киберщит (киберқалқан) – ақпарат қауіпсіздігі немесе қиберқауіпсіздік деп аталады, яғни электронды ақпараттық ресурстардың, әртүрлі ақпарат жүйесінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы немесе ішкі қкиберқауіптерден қорғайтын қауіпсіздік. Сол себепті киберщиттің мақсаты – кез келген электронды ақпараттың қауіпсіздікдігін сақтау.
Киберқылмыстың өсуі қазіргі заманның өзекті мәселесі болып отыр. Ол тіпті қауіпсіздікке қауіп төндірумен қатар, мемлекет мүддесіне тікелей немесе жанама түрде зиян келтіруі мүмкін. Осындай және өзге де қауіпті құбылыстардың алдын алу үшін республика киберқылмыспен күрес жөніндегі бағдарламаның тұжырымдамасын қабылдаған болатын.
Ол интернеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз ете алады, соның ішінде әртүрлі алаяқтар мен түрлі кибершабуылдардан, жеке деректердің жария болып кетпеуінен қорғай алады. Сондай-ақ, қабылданған тұжырым халықты ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мәселелерімен хабардар етуді, ақпараттық қауіпсіздікті басқаруға қабілетті жоғары технологиялық мемлекеттік жүйені құру, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше немесе соғыс жағдайыларын енгізудің алдын алу және жедел ден қою мәселелерін қарастырады.
Қазақстан халқының 85%-дан астамы интернет пайдаланады. Бұл Орталық Азия елдері бойынша ең жоғары көрсеткіш. Олай болатын жөні де бар. Себебі, бүгінде үкімет пен экономиканың негізгі сегменттері цифрлық платформаларға ауысқан. Төлемді де телефон арқылы жасап жүрміз. Осындай ақпараттық технология құралдарын қолдану бойынша да посткеңестік кеңістікте Балтық елдерінен кейінгі орында тұрмыз. Дегенмен, бір медальдің екі беті болатыны сияқты ақпараттық технологияны қолданудың кең өріс алуы киберқылмыстың артуына да алып келеді.
2021 жылдың көктемінде Ұлыбританиядағы технологиялар мен тұтыну тауарларын бағалаумен айналысатын Сomparitech веб-сайты баяндама жасап, онда алдағы уақытта болуы ықтимал кибершабуылдар тұрғысынан қауіпсіздік деңгейі ең жоғары және ең төмен елдерді атады. Соның ішінде Қазақстанды қоса алғанда Орта Азия елдері тізімнің соңында тұр.
Қауіпсіздігі әлсіздеу компьютерлерді көп қолданатын Қазақстан хакерлер үшін ең тартымды елдердің бірі болып тұрғаны рас. Киберқылмыскерлер крипто өндіруге қажетті электр энергиясының үлкен көлеміне ақы төлеуден қашып, әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда электр энергиясының бағасы да, компьютерлік қауіпсіздіктің деңгейі де төмен Қазақстан сияқты елдерді таңдайды.
Елімізде компьютер желілері дұрыс қорғалмаған, оның негізгі себептерінің бірі – отандық компьютерлерде орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етудің 74%-ға жуығы лицензияланбағандығы немесе заңсыз көздер арқылы орнатылғандығы. Бұл туралы 2019 жылы бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша отандық сарапшылар жұмыс тобының кездесуінде айтқан болатын.
Лицензияланбаған бағдарламалық жасақтамада пайдаланушының компьютерлік деректеріне қауіп төндіретін зиянды бағдарламалар болуы мүмкін және мұндай бағдарламалық жасақтама үшін кибершабуылға қарсы жаңартылған механизмдерді орнату қиын. Соның нәтижесінде пираттық бағдарламалық жасақтамасы бар компьютерлер хакерлік шабуылдарға жиі ұшырайды.
2021 жылдың бірінші жартысында KZ-CERT ретінде танымал болған компьютерлік инциденттерге қатысты іс-шаралар қабылдау жөніндегі Мемлекеттік техникалық қызмет мекемесі 11,4 мың киберқылмыс пен ақпараттық қауіпсіздік қатерін тіркеді, бұл 2020 жылға қарағанда 15%-ға артық.
Қазақстанда кеңінен таралған WordPress мәнмәтінді басқару модульдеріне (веб-сайттар мен интернетте жарияланатын мәнмәтінді жасау үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету) кибершабуылдар көптеген пайдаланушылар үшін құпия және елеулі ақпаратты жоғалтумен, бұзылған сайттарда террористік және экстремистік үгіт-насихат хабарламаларын көрсетумен аяқталды.
Қаржылық пайда табу мақсатында киберқылмыскерлер қазақтың жеке компанияларына, мемлекеттік мекемелеріне және жекелеген азаматтарына үнемі шабуыл жасайды. 2021 жылғы тамызда бірде-бір отандық банк өзінің веб-ресурстарын кибершабуылдардан қорғау, оның ішінде мәнмәтін қауіпсіздігін, деректерді беруді, трафикті шифрлауды және қауіпсіздік тетігін баптауды қамтамасыз ету қабілетін көрсете алмады.
«Қазақстанның киберқалқаны» бағдарламасының арқасында банктер, мемлекеттік органдар, жеке компаниялар мен өндірістік кәсіпорындарды қоса алғанда, 300-ден астам маңызды инфрақұрылым нысандары жүйесінің қауіпсіздік деңгейі арттырылды. Мемлекеттік техникалық қызмет мекемесі күніне бір миллионға жуық кибершабуылдарды тежеу және алдын алу үшін тер төгеді.
«Қазақстанның киберқалқаны» бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі – киберқауіпсіздік саласындағы мамандарды оқыту және жұртқа ақпараттық қауіпсіздіктің маңыздылығын түсіндіру. Қазақстанда ақпараттық технологиялар саласында оқытылған мамандардың жетіспеуіне байланысты билік университет студенттеріне арнайы шәкіртақы тағайындай бастады, олар кибертехнология мамандығы бойынша оқуын жалғастырады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің алдына бүкіл халық үшін оқыту және білім беру іс-шараларын ұйымдастыру міндеті қойылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...