ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ ОРЫНДАЛДЫ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ ОРЫНДАЛДЫ

Аудан әкімі Арман Сәбитовтің Қарасу ауылдық округі тұрғындарымен кездесуінде Ақбай ауылының тұрғындары ауыз су мәселесін көтерген болатын.
Аталған ауылдық округ ауыз су құбырларының тозығы жетіп ескірген, ал халық санының өсуіне байланысты жаз айларында ауыз судың жетіспейтіні байқалды. Бұл ретте, аудандық бюджеттен 58 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылды. Нәтижесінде қазір жаңа су мұнарасын орнату және құбырларды ауыстыру жұмыстары жүруде.
Мердігер «Шымкент Гранд строй»ЖШС басшысы қараша айының соңына дейін жұмыстарды толығымен аяқтайтынын айтты.
Жалпы елді мекенде атқарылып жатқан жұмыстар жеткілікті. Алдағы уақытта көтерілген мәселелерге ЖСҚ әзірленіп, облыстық бюджеттен қаржы қаралатын болады.
Еске салар болсақ, қыркүйек айындағы халықпен кездесу барысында 100 мәселе, ал азаматтарды жеке қабылдауда 57 сұрақ көтерілген болатын.
Күн тәртібінде қаралған әрбір тұрғын мәселесінің орындалу барысы бойынша сала басшылары мен ауылдық округ әкімдері жауап беріп отырды. Бұл ретте, аудан әкімі Арман Сәбитов жұмыстарды жүйелендіру мақсатында нақты тапсырмалар жүктеді. Бұған қоса, жиналыста Арыс ауылдық округіндегі ауыз су мәселесі де тұрғындар тарапынан айтылған болатын. Нәтижесінде Қожақорған-Нұржанқорған елді мекендерінің ауыз сумен қамту желілері құрылысының жобалық сметалық құжатын дайындау бойынша келісім шарт түзілген. Бүгінде мемлекеттік сараптама алу үшін құжаттар дайындалуда.
Сонымен бірге, тұрғындар Қарасу ауылы Жаңақұрылыс аумағындағы трансформаторды мемлекеттің балансына өткізуді сұраған.Қазір аталған аумақтағы трансформаторды мемлекеттің теңгеріміне өткізу мәселесі бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы аудан әкімі Арман Сәбитұлы аудан аумағындағы өзекті мәселелерді шешу үшін атқарушы билік пен өкілді орган бірлесіп еңбек етуге дайын екендіктерін атап өтті.
Аппарат мәжілісінің қорытындысы бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, аталған тапсырмалардың орындалуы жіті бақылауда болатындығы айтылды.
Қарасу ауылдық округіне қарасты аудандық маңызы бар А.Байтұрсынов көшесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бірақ жаяу жүргіншілер жолының жөндеу жұмыстарына тұрғындар кемшіліктер анықтап, мәселе көтерді. Белгілі болғандай, жаяу жүргіншілер жолы биік етіп жасалған, салдарынан жауын-шашын кезінде тұрғындардың үйлеріне су әкеледі. Бұл ретте аппарат басшысы Айбек Ақылбекұлы тұрғындармен кездесіп жауапты мердігер мекемеге қайта қалпына келтіруді тапсырды.
Айта кетейік, жобада жаңадан асфальт жол салу, тротуар, электр бағаналарын жүргізу қаралған. Сметалық құны 103 млн. теңге. Аталған құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Алем Транс Жол»ЖШС жүргізуде.
Сонымен қатар, тұрғындардың өтінішіне сәйкес, ағын суды «Қарасу-Ақбай» каналына қарай бағыттап қосымша лоток орнатылатын болып шешім қабылданды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін және...