КЕНТАУ: ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КЕНТАУ: ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова Ащысай ауылында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын түсіндірді.
Ащысайлықтар жұмыссыздық жайын айтты. Ауылда атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалап, тек жұмыссыздық мәселесін шешіп беруді сұрады. Мәселелермен мұқият танысқан Ақнұр Нұралықызы, алдағы уақытта инвесторлар тартып жаңа жұмыс орнын ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Жиынға қатысқан жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асқар Баубек Ащысай ауылына қарасты жер көлемі ұлғайғандығын айтып, ащысайлықтарды қуантты.
Мұнан соң, қала әкімінің орынбасары жол бойына жасалған қоршауды көрді. Күрделі жөндеуден өтіп жатқан спорт үйінің жағдайымен танысты. Жұмысшылармен кездесіп, мәселелерін тыңдады.
Айта кететін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мем­лекеттік институттардың рөлін ны­ғайту, азаматтардың құқықтары мен бо­стандықтарын қорғау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелерін кеңі­нен сөз етті. Жолдауда қазіргі әлеу­меттік-экономикалық жағдайға жан-жақты, терең талдау жасап қана қоймай, оның шешу жолдарын да көрсетіп берді.
Ұлттық құрылыстың қазіргі кезеңінде Қазақстан Республикасы қарқынды саяси өзгерістер кезеңін бастан кешіп жатыр. Саяси модернизацияның тұжырымдамалық фрейміне «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» моделі арқау болды. «Listening State» («Құлақ асатын/еститін мемлекет») — бұл үкіметтің азаматтармен өзара әрекеттесу, оларды толғандыратын мәселелер мен қажеттіліктерін түсіну бойынша белсенді күш-жігеріне баса назар аударатын мемлекеттік саясат тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдама үкімет пен қоғам арасындағы ашық әрі айқын байланыс арналарын құруды көздеп, шешімдерді әзірлеу және қабылдау процесінде азаматтардың дауысын естуге және ескеруге бағытталған.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі ақпаратты жай ғана тарату немесе «жоғарыдан төменге» саясатын жүзеге асыруға қарағанда, тиімді басқару бұдан да көп нәрсені қажет ететінін көрсетеді. Яғни кері байланыс, идеялар мен қоғамдық пікірді белсенді іздеудің маңызын мойындайды. Бұған қол жеткізуге жәрдемдесетін түрлі құралдар бар: қоғаммен кеңесу, сауалнамалар, жалпы жиналыстар, онлайн форумдар және басқа да қатысу тетіктері.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекетте» Үкімет азаматтарға ойларымен, идеяларымен және пікірлерімен алмасу үшін қолжетімді және ыңғайлы платформалар ұсынады. Бұл сандық платформалар және қоғамдық жиналыстар сияқты құралдар арқылы немесе т.б. жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа форматтарын қолдануды жеке үрдіс деп атауға болады. Мемлекеттік органдар жедел хабар алмасу құралдарын пайдаланады, чат боттарын жасайды. Жергілікті атқарушы органдар өтініштерді қарау мен азаматтарды қабылдауды бір жерде жүргізген жағдайда қызмет көрсету «кедергісіз орта» қағидаттары бойынша «ашық қабылдау» арқылы жұмыс істейді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін және...