АРЫС ҚАЛАСЫНДА «NOMADS CUP» КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫ ӨТТІ

АРЫС ҚАЛАСЫНДА «NOMADS CUP» КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫ ӨТТІ
Бүгін Арыс қаласында Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұлттық спорт ойындарының 5 түрінен ұйымдастырылған «NOMADS CUP» көшпенділер ойыны өз мәресіне жетті.
Жастар арасында қазақ халқының ұлттық ойындарының мәнін, дала дәстүрін, ұрпақтар сабақтастығын насихаттауға бағытталған шараны қала әкімі Гүлжан Құрманбекова ашып берді. Барлық аудан, қаладан келген жас спортшыларға сәттілік тілеп, қолдау білдірді.
Жалпы жүлде қоры 2 млн. теңгені құрайтын сайысқа облыстың 17 аудан, қаласынан 200-ге жуық спортшы қатысты. 14 пен 35 жас аралығындағы жастар жамбы ату, қазақ күресі, аударыспақ, көкпар жекпе-жегі, арқан тартыс секілді сайыстар бойынша күш сынасты.
Ойын қорытындысына сәйкес, командалық есеп бойынша 1-ші орынды Төлеби ауданының спортшылары қанжығаласа, 2-ші орын Бәйдібек ауданының жастарына бұйырды. Ал 3-ші орынды Арыс қаласының қатысушылары місе тұтты. 1-орынға – 500 мың теңге, 2-ші орынға – 300 мың теңге, 3-ші орынға – 200 мың теңге қаржылай сыйақылар, кубоктар мен дипломдар табысталды. Сондай-ақ қатысқан әрбір командаға 50 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар үлестірілді.
Бұдан бөлек, әр сайыста үздік нәтиже көрсеткен 5 қатысушыға және ең жас спортшыға қала әкімінің арнайы сыйлығы табыс етілді.
Айта кетейік, игі шара Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен, Арыс қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті. Шараның мақсаты – жастар арасында қазақ халқының ұлттық ойындарының мәнін, дала дәстүрін, ұрпақтар сабақтастығын негізге ала отырып, халқымыздың тарихын, болмысын, дәстүрін насихаттап, өз Отанына деген сүйіспеншілікті арттыру.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жамбыл облысының Меркі ауданында KeruenInn заманауи қонақ үй кешені іске қосылды. Жоба Үкіметтің Инвестициялық штабының көмегімен жүзеге асырылған....

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп 2026 жылғы қаңтардан бастап цифрлық шешімдердің негізінде халықтың...

В Шымкенте продолжается реализация республиканской экологической программы «Таза Қазақстан», направленной на формирование экологической культуры и...