Сот алқалары мен аудандық соттардың төрағалары, Алматы қалалық сотының судьялары және қалалық Сот әкімшілігі Департаменті басшылығының қатысуымен өткен Алматы қаласының судьялар корпусының кеңейтілген отырысында 2023 жылғы 9 ай ішіндегі сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары талқыланды, деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз-қызметі.
Сот алқаларының төрағалары – Е. Дәулиев, Н. Бекназаров, М. Байгеловтың баяндамаларында мәлімделген есепті кезеңнің нәтижелерін және статистиканы талдау көптеген позициялар бойынша сот ісін жүргізудің тиімділігін арттыру жөніндегі жүйелі жұмысты көрсететін белгілі бір оң нәтижелерге қол жеткізілгенін байқатты.
Алматы қалалық сотының төрағасы А. Смайлов қала соттары ауқымды жұмыс атқарғанын және қажетті нәтижелер алынғанын атап өтті. Осындай оң тенденциялар Алматы қ. судьялар корпусының назарын өзекті міндеттерге аударып, олардың шешімін табуда басымдық танытуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар ол әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтаудың, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жан-жақты арттырудың, сот практикасындағы бірізділікті қамтамасыз етудің аса маңызды екенін атап өтті.