Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев ауылдық елді мекендерді аралап, жергілікті тұрғындармен кездесуде. Қошқарата ауылдық округіне табан тіреген аудан басшысы Бесқұбыр ауылдық мәдениет үйінде жергілікті халықпен кездесіп, ауыл мәселелерін талқылады.
- Өздеріңізбен жыл басынан бері төртінші рет кездесіп отырмыз. Өткен жолғы кездесулерімізде жалпы 19 нақты мәселе көтеріліп, бүгінде түйіткілдерді шешу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Солардың бірі білім мәселесінде, нақтырақ айтсам оқушы санының артуына байланысты жаңа білім ошағын салу қажет болатын. Нәтижесінде Бесқұбыр елді мекеніндегі №25 С.Сейфуллин жалпы орта мектебінің қосымша 300 орындық мектеп ғимараты салынып, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Сонымен қатар, Бәйтерек елді мекеніндегі Жеңіс және М.Алтыбаев көшелерінің орта жөндеу жұмыстары «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында тас шағал төселіп, орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сол қатарда Жаңақоныс елді мекенінің ішкі көшелеріне, Қарабура елді мекенін Б.Момышұлы көшесіне орта жөндеу және Мақташы елді мекеніндегі И.Есенберлин көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізілді, - деді аудан басшысы.
Білім сапасын көтеру – егемен елдің білім саласының, Жаңа Қазақстанның жақсы мұғалімінің ең үлкен мақсаты. Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейте түскен абзал. Яғни сапалы білім беру ісі жаңа заманауи технологиялармен, оқытудың озық әдіс-тәсілдерімен толық жарақтандырылып, оқыту мен тәрбиелеудің үрдісі үздіксіз жалғаса берсе, баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіруге саналы ғұмырын сарп ететін мұғалімнің рөлі арта түссе, ұлағатты ұстаздарымыз өз біліктілігін ұдайы арттырып отырса, білімнің сапасын көтеруге болады. Білім сапасының жоғары болуы мен оқушылардың ынта-жігерін арттыруда үйдегі ата-ананың да ықпалы зор. Білім сапасын арттыру үшін басты мақсат – мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру, үздіксіз білім алу арқылы сапалы білім беру көзделеді. Мұғалім кәсіби шеберлігін ұдайы жетілдіріп отыруының арқасында ғана сапалы білім беруге ұмтылады. Өркениет көшінен қалмай, білім беру ісін зор ізденушілікпен жұмыс жасағанда ғана оқушының білім сапасы артады. Жаңартылған білім беру мазмұны мағлұматтар мен идеяларды өз беттерімен, тәуелсіз меңгеріп, алған мәліметтері пайдалы болатындай ойлануына мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар оқушылар жаңа идеяларды әртүрлі көзқараспен зерттеп, шынайылығы мен пайдасын талқылап, идеяның жалпы құндылығын анықтай алады. Мұғаліммен бірге ең алдымен оқушы да өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға атсалысуы керек.
2022-2023 оқу жылында білім беруді ұйымдастыруда төмендегі міндеттерге назар аударылды. Білім алушылардың білімін толықтыру; қауіпсіздік және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету; білім алушыларға сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету; цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау; инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету.
Білім беру мазмұнының жаңару курсының нәтижелілігі тікелей мұғалімдердің кәсібилігіне байланысты. Сонымен қатар, педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың ажырамас бөлігі болып табылатын оқыту үрдісі, өзін өзі өзектендіруі, өзекті білімді меңгеруі, біліктілігі мен дағдысы жетілуінде біліктілікті арттыру курсы маңызды рөл атқарады.
Педагогтарды оқытуда аталған курс тәжірибеге бағытталған белсенді оқу тәсілдерін қолданумен ерекшеленеді. Біліктілікті арттыру курсы аясында оқыту қызметі андрагогика ұстанымына негізделеді. Олар:
- білім алушылар оқу үрдісінде жетекші роль атқарады;
- білім алушылар, қалыптасқан тұлға ретінде алдарына нақты мақсат қоюға, өз бетімен, өзін өзі басқаруға, өзін өзі жүзеге асыруға ұмтылады.
- ересек адамдар меңгерген білім, білік, дағдыларын, өмірлік және кәсіби тәжірибелерін оқыту үрдісінде тиімді қолданады;
- оқу процесінде білім алушылар мен тренердің іс-әрекетінің барлық кезеңдерінде бірлесе ұйымдастыру.
Біліктілікті арттыру курсының екі негізгі міндеттерін атап өтуге болады: білім алушыларды жаңа ақпаратпен қамтамасыз ету және кәсіби білік, дағдыларын қалыптастыру, жетілдіру. Жаңа ақпаратпен қамтамасыз ету негізінен дәріс түрінде жүзеге асырылады. Дәріс төмендегідей дидактикалық міндеттерді шешеді: дұрыс емес стереотиптерді жою, қызығушылық, сендіру, тәуелсіз іздеуге және интеллектуалды белсенділікті тудырады теориялық деңгейден ойдағыдай өтуге көмектеседі.
Теориялық деңгейден қолданбалы білімге ойдағыдай өтуде стреотиптерді жоюға, белсенді ойлауға және өз бетімен ізденуге қызықтыруға, сендіруге үйретеді. Дәрістің артықшылығы ұсынылған материалдың өзара байланысы мен логикалық қабылдаудың тұтастығында.
Оқыту курстарындағы дәріс сағаттарының қысқартылуы шектеулі уақытта теориялық материалдарды нәтижелі меңгеруге, дәрісті өткізуде инновациялық тәсілдерді қолдануға мүмкіндіктер тудырады. Осындай жетістікке жетуге мүмкіндік беретін тәсілдердің бірі- белсенді оқу дәрістері. Белсенді оқу білім алушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді.
Белсенді оқу барысында мұғалімдер:
- барлық оқушылардың оқу үдерісіне қатысуын қамтамасыз ететін жағымды оқу ортасын қалыптастыруға;
- сенімді, жауапты, белсенді, жаңалыққа ұмтылатын және өзінің іс-әрекетін талдап, рефлексия жасай білетін оқушыларды тәрбиелеуді мақсат етуге;
- оқушылардың дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар мен белсенді әдіс- тәсілдерлі қолдануға;
- алға қойылған оқу мақсаттарына қол жеткізу арқылы жоспарланған сабақты тиімді өткізу үшін материалдарды, ресурстарды және қосымша құралдарды пайдалана отырып, бүкіл сынып қатысатын, топтық немесе жұптық жұмыс түрлерін, оқушылардың жеке жұмыс істеуін ұйымдастыруға және уақытты басқаруға;
- оқушыларды мадақтап, оқуға еліктіре, қызықтыра отырып, ұғымдарды түсіндіруде.
Интерактивті дәріс ерекшеліктері:
- қатысушылар бір-бірімен және оқытушымен байланысқа түсе алады;
- білім алушы дәріс презентациясын пайдаланады;
- білім алушылардан әруақытта ақпаратты өңдеу және дәріске белсенділік таныту талап етіледі;
- әруақытта дәріскерден және білім алушылардан тиімді кері байланыс ұсынуы талап етіледі;
- дәріскер білім алушылардың өзара қарым-қатынас деңгейін бақылап отырады;
Белсенді оқыту дәрістерінен алған ақпараттар ұзақ мерзімді есте сақтауға мүмкіндік береді.
Аудан әкімі Қошқарата ауылдық округінің әрбір елді мекендерінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарымен бөлісті. Атап айтқанда Қарабура елді мекені табиғи газға қол жеткізсе, Бесқұбыр ауылындағы емхана қызметкерлері жаңа ғимаратқа көшірілді. Алдағы уақытта Жаңақоныс, Бесауыл ауылдарының ішкі көшелері орта жөндеуден өткізілсе, Алғабас елді мекенінде жаңадан спорт алаңшасы салынып, ел игіліген табысталды.
Кездесу барысында жергілікті тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын аудан басшысына жолдап, жауаптарын алды. Уақыт талап ететін мәселелер бойынша арнайы ісшара жоспары бекітілетіні айтылды.