Келес ауданындағы №11 “Жолбасшы” жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Данабек Айкөркем үй гүлдерін өсірумен айналысады. Арнайы жылыжайда қазіргі таңда 10-ға жуық үй гүлдерінің түрлерін баптап отырған дарынды оқушы биология пәні мұғалімінің жетекшілігімен арнайы зерттеу де жүргізіп жатыр.
- Гүл өсіру – ертеден кележатқан шаруашылықтың «әдемі» саласы. Қазіргі таңда шаруашылықтың бұл түрі әлемде қарқынды дамып келе жатыр. Гүл өсіру Голландияда, Германияда, Жапония басқа да бірқатар елде жақсы дамыған. Тараз қаласына жолым түскенде жылыжайда өсіріліп жатқан ботаника бағында гүлдің мыңдаған түрі мен сортына куә болдым. Табиғаттың сәнін келтіретін, әлемге сұлулық сыйлайтын гүлді өсіру оңай емес. Ол өскеннен кейін емес, өскенге дейін де ерекше күтімді қажет етеді. Гүл өсіру үшін оның әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген жөн. Қалай өсіру керек, қандай материалдар қажет? Осы сынды түрлі сұраққа өзім тұрып жатқан Келес ауданы Жолбасшы елді мекенініде гүл өсіретін шағын жылыжай шаруашылығымен айналысатын Исмаилов Бахтияр есімді ағамның жылыжай шаруашылығында өз тәжірибемді арттырдым,-дейді еңбекқор қыз.
Жас дарын сонымен қатар гүл өсіру үшін кем дегенде үш-төрт ай, ал кейде жарты жыл уақыт қажет екендігін де айтады. Алдағы уақытта Айкөркем өз тәжірибесін достарымен бөлісіп, олардың да гүл өсіруге деген қызығушылығын арттырмақ.
“Жолбасшы” жалпы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Арипбаев Биғазы болса шәкіртіне топырақтың түзілу ортасы ажыратылатындығын түсіндіріп келеді.
- Жаратылыстану ғылымы Биология пәні бойынша Ботаника зерттеуілер бойынша өсімдіктерді өсіруге қызығушылық танытқан Айкөркем гүл мен бұталы ағаштарды жерсіндіріп, жетілідіруде. Шағын жылыжай ішінде қазір осындай 10-ға жуық өсімдік түрі жайқалып тұр. Ботаникалық жылыжай «Гүл» шаруашылығымен айналысатын Исмаилов Бахтияр ағамен жиі байланыста болып, зерттеу тәжірибелерін арттырып жатырмыз. Гүлдерді бапттауда оларға мән беру өте маңызды. Топырағын қопсытып тұру керек. Кейін артық жапырағын қырқып тұрамыз және жапырақтарына қажетті мөлшерде су беру керек. Одан артық берсек, температураға қарсы болады. Жалпы оқушым осының бәрін меңгерген, - дейді мұғалімі.
Еске саларлық, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысында ғылымды дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған басым бағыттарын айқындау мәселесі қаралған болатын.
Отырысты ашқан Үкімет басшысы күні кеше ғана Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы 2023 жылға арналған Жаһандық инновациялық индексті жарияланғанын атап өтті. Ол ғылымға, білім беру жүйесіне және инфрақұрылымға қатысты 80-ге жуық көрсеткішті қамтиды.
«Қазақстан Үндістан мен Ираннан кейін Орталық және Оңтүстік Азия аймағы бойынша үздік 3 инновациялық экономиканың қатарына енді. Цифрлық даму, Ғылым және жоғары білім министрліктері еліміздің халықаралық аренадағы позицияларын жақсарту үшін ғалымдарға қажетті жағдай жасау және инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын жалғастыруы керек», — деді Әлихан Смайылов.
Айта кететін, 2022 жылы 3 қарашада жарияланған Elsevier ғылыми баспасының соңғы деректеріне сәйкес, Стэнфорд университетінің сарапшылары құрастыратын «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%» (World's Top 2% Scientists) рейтингіне «Болашақ» бағдарламасының 3 түлегі кірді.
Стэнфорд университетінің зерттеушілері библиометриялық зерттеу негізінде жыл сайын әлемдегі үздік ғалымдардың рейтингін жасайды.
Зерттеу екі дерекқорды қамтиды. Бірінші рейтингте өз мансабында жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдар ұсынылса, екіншісінде - соңғы жылдағы жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдар көрсетілген. Scopus базасындағы жарияланым белсенділігінің өсу қарқыны бойынша көш бастаған үміткерлер іріктелді.
Тәуелсіздік жылдарынан кейін Қазақстандағы ғылым саласының жағдайы мүшкіл болды. Барлық посткеңестік елде осындай жағдай белең алды. Кеңес үкіметі ыдырыған соң көптеген институт пен ғылыммен айналысқан зерттеу орталықтары жабылып қалды. Яғни, Қазақстандағы ғылымды басынан бастау қажет болды. Әлем бойынша 1000 адамның біреуі ғалым болса, ел бойынша 2500 адамға шаққанда бір ғалым шығады. Елімізде 1 млн халыққа 662 ғалымнан келеді екен. Бұл Ресеймен салыстырғанда 4,3 есеге, Беларусьтен 2,7 есе және АҚШ-тан 6,4 есеге аз.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда ғылым саласында 21 782 адам жұмыс істейді.
Олардың үштен бірінің ғылыми дәрежелері бар, оның ішінде 1697 ғылым докторы, 4165 ғылым кандидаты, 1340 PhD докторы атағына ие.
Қазақстандағы ғылымның көзге көрінетін бір жетістігі пандемия кезінде болды. Қазақстандық ғалымдар жеңісінің шарықтау шегі коронавирусқа қарсы вакцина болды десек артық болмас. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ұжымы санаулы елдермен қоса коронавирус пандемиясына қарсы вакцина ойлап тапты.
Қазіргі уақытта ғылыми саланы дамыту, оның нәтижелілігін арттыру мемлекеттің өзекті міндеттерінің қатарына кіреді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды қаржыландыруды едәуір арттыруды тапсырды.
Мәселен, 2020-2022 жылдарға арналған ғылымды қаржыландыру көлемі екі есеге ұлғайды, ал 2025 жылға қарай ЖІӨ – нің 1%-на дейін ұлғайту жоспарланған.
Әлемдік трендтерге сәйкес ғылыми ұйымдардың, зерттеу университеттері мен зертханалардың ғылыми инфрақұрылымы дәйекті түрде жаңғыртылмақ.
Оның үстіне қолданбалы зерттеулерді қаржыландыруда қосымша жеке қаржыландыру үлесін арттыруға, ғылымның өндіріспен байланысын нығайтуға, нақты секторды, бизнесті ғылыми бөлімшелерді құруға және дамытуға ынталандыруға, басым бағыттарды дербес айқындауға, қажетті ғылыми әзірлемелерге тапсырыс беруге және енгізуге баса назар аударылады.
Сондай-ақ еліміздің 10 жоғары оқу орнында постдокторантура құрылып, диссертациялық кеңестерге ҒЗИ мен басқа да жоғары оқу орындарының ғалымдары тартылып жатыр.
Студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру үшін студенттер мен магистранттардың ғылыми қауымдастығы құрылды.Ғылыми экожүйенің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ҒЗИ санын 15-ке арттыру, индекстелетін журналдардағы жарияланымдарды 150%-ға өсіру және 2025 жылы жабдықтарды 30% — ға жаңарту арқылы ҒЗИ сапасын арттыру міндеті тұр.
Сондай-ақ, 2025 жылы қазақстандық ғалымдардың Халықаралық ғылыми журналдарындағы мақалалардың жалпы саны бойынша InСites елдік рейтингінде 65-орынға және «ҒЗИ сапасы» көрсеткіші бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингінде 65-орынға қол жеткізу жоспарланған.
Ғылымға мемлекет қаражат бөліп, қолдамаса, оның тасы өрге шаппайтыны белгілі. Бүгінгі таңда «Ғылым қоры» АҚ желісі бойынша 129 жобаны коммерцияландырып жатыр. Биыл ҒҒТҚН коммерцияландыру бойынша жаңа конкурс жариялады. 2021 жылы коммерцияландырылған жобалардың үлесі — 26,2% — ды құрады.
Соңғы үш жылда ғылымды қаржыландыру 62%-ға өскен. Бұрын конкурстар үш жылда бір рет өткізілсе, енді жыл сайын өткізіліп жатыр.
Сонымен қатар, алдағы кезеңге 2023-2025 жылдарға ғылымды қаржыландырудың көлемін үш есе үлкейту мәселесін Қаржы министрлігі де пысықтап жатқан көрінеді.
Ұлттық жобадағы ғылым блогын жүзеге асыратын адамдар санын 21 мыңнан 34 мыңңға арттырудың өзі экономикаға айтарлықтай септігін тигізеді. Ұлттық жоба бойынша жалпы ғылым саласын қаржыландыру 832,9 млрд теңгені құрайды. Бұл бөлінген қаражат нәтиже көрсете ме жоқ па, бұл уақыттың еншісінде. Жаңа Қазақстан ғылымды жаңа деңгейге шығара ала ма? Оған жауапты көп жылдан кейін алатынымыз анық.