АУДАНДЫҚ "ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР" ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

АУДАНДЫҚ "ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР" ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

2023 жылдың 04 желтоқсан күні Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты Т. Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің базасында және М. Өтемісұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің базасында Республикалық "Педагогикалық идеялар" фестивалінің аудандық кезеңі болды.
Фестивальдің мақсаты: жаңаша идеялармен жобалар үстінде жұмыстар атқару.
Жаңашылдыққа бейім педагогтердің ойларын тыңдай отырып, тәжірибелерімен бөлісу.
Фестиваль мынадай бағыттарда өтті.
«Білім беру жүйесіндегі менеджмент» (директорлар, білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық орталықтардың әдіскерлері);
«Шеберлік палитрасы» (пән мұғалімдері);
ғылыми-жаратылыстану бағытындагы пәндер (химия, биология, география, экология);
физика-математика бағытындағы пәндер (математика, физика, информатика);
қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер (қазақ, орыс, ағылшын тілдері, әдебиет, тарих, құқық);
ағылшын тіліндегі жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер;
қолданбалы цикл (көркем еңбек, дене шынықтыру, технология, АӘД, музыка, қолданбалы өнер).
«Шығармашыл толқын» (бастауыш сынып және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері);
«Сабақ аяқталған соң...» (сынып жетекшілері, тәрбиешілер, қосымша білім беру орталықтарының педагогтері);
«Психолог сандықшасы» (психологтар, логопедтер, әлеуметтік педагогтер, дефектологтар).
Айта кететін, мұғалімнің кәсіби шеберлігі,ең алдымен, мақсат-міндеттерді дұрыс шешуден басталады. Қазіргі білім мен техниканың дамыған кезеңінде ұлттық құндылықтарымыз шетелден еніп келе жатқан түрлі мәдениет ағымына көміліп қалмас үшін, жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті етіп тәрбиелеу – басты мақсат болып табылады. Ал міндетіміз – жеке тұлғаның өзіндік көзқарасын қалыптастыру және оны қорғай білуге үйрету, оқушыларға тілді меңгерте отырып, белсенділіктерін арттыру, ақыл-ой, таным қабілеттерін дамыту.
Мұғалімнің кәсіби құзырлылығын қалыптастыруда кәсіби шеберліктің қаншалықты маңыздылығын айқындау мақсатында басқа мемлекеттердегі шеберлікті шыңдау, біліктілігін арттыру тәсілдерін зерттеп көрдік. Көршілес Қытайда жағдай басқаша. Онда ата-аналар тарапынан жылына екі рет сабаққа қатысып, мұғалімдердің білімін бағалау назардан тыс қалмайды. Мұғалімнің сабақ беру тәсілі, түсіндіруі, балалардың қабылдауы жөнінде пікірін сабақ соңында жазып, қабылдау бөлмесіне қалдырады екен. Жыл аяғында осылар ескеріліп, 3 ай сайынғы ашық сабағы,1 жыл бойғы әр баланың білім сапасы деңгейінің жоғары, төмен болуына қарай жылына 1 рет аттестациядан өтеді. Бұл өте құптарлық іс. Қытайдағы заңға сүйенсек, баланың 8 жылдық білімі болмаса әке-шешесі жұмыстан шығарылады. Бұдан айтпағымыз – әр елдің, әр мемлекеттің өзіндік қоғамындағы білім саласындағы жетістіктерін өзімізге пайдаланып, жақсыларын керегімізге жаратып, жамандарынан қашып отырсақ, кешегі Әл-Фарабилер айтып кеткен кемел қоғамға айналуымызға кім кедергі бола алар?!
Мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің дамуы үшін оның әдіснамалық рефлексия жасай алуының мәні зор. Бұл – мақсаткерлікті талдай алудан басталады. Шебер мұғалім – зиялы тұлға. Оның сыртқы келбеті ұқыптылық пен жарасымдылық, педагогикалық әдебі жоғарылығымен, басқаны түсіне білетіндігімен сипатталады. Прогрессивті алдыңғы қатарлы ойларды уағыздаушы, сыни ойлау деңгейі жоғары, өзгенің ойын, өзгенің пікірін, құрметтей біледі әрі ұстамды болады. Өз білімін тұрақты көтеріп отырумен жүйелі айналысады, өз жұмысына рефлексия жасауға қабілеті. Эрудициясы, жалпы мәдениеті жоғары, эстетикалық талғам және көркемдік мәдениеті жинақталған. Ол саясаттағы, ғылымдағы, өнердегі барлық жаңалық пен озық ойларға қызығушылық танытып отырады. Зиялы тұлға ретінде өз бойына адамзат мәдениетіндегі ең жақсы үлгілерді жинақтайды. Шебер мұғалім – рухани бай тұлға. Оның рухани байлығы алдымен балаға деген махаббатында, жоғары адамгершілігінде және арлылығы мен ұяттылығында байқалады. Өмірдің мәнін және мақсатын түсінуге, өзінің кісіби орынын анықтауға ұмтылыста оның руханилығы көрінеді. Ол әлемдегі және адами қарым-қатынастағы сұлулықты өте жоғары сезінгендіктен, онда эмпатия және талдай алушылық жоғары дамыған. Өсіп келе жатқан баланың ішкі жан-дүниесінің байлылығын түсінуге үнемі тырысатындығы оның өзін де планетарлық ойлауды дамытуына негіз болады. Шебер мұғалім — жаңашыл тұлға. Ол бірсарындылық пен біртүрлілікті қабылдамайды, сондықтан жаңалыққа жаны құмар. Шығармашылыққа деген мотивтері жоғары болғандықтан ойлап табу, тудыру, жасап көру – оның күнделікті кәсіби жағдайы. Шебер мұғалім – еркін тұлға. Оның еркіндігі өмірдегі, кәсіби әрекеттегі мәдени әлемдегі өз орнын анықтай алу қабілетінде жатыр. Оның ойлау, пайымдау және әрекеттену еркіндігі жеке кәсіби жауапкершілікті сезінумен сәтті байланысады. Рухани және материалдық құндылықтар әлемінде еркін бағдарлай алады, педагогикалық, пендешілік догмалардан еркін. Ол өз ісіне өте жауапты, кейде тіпті тәуекелді талап ететін шешімдерді өз мойынына алады. Өзінің өмірлік позициясы, ұстанымы бар. Шебер мұғалім – ізгілікті тұлға. Оның ізгіліктілігі қайрымдылылығы, барлық тіршілік иелеріне, ең алдымен балаларға деген сүйіспеншілігінен байқалады. Ол кез келген уақытта өз оқушыларына, жалпы балаларға көмекке келуге әзір. Өзгеше ойлайтын адамдарды құрметтейді, өз көзқарасына сәйкес келмесе де ол адамдардың қалыптан тыс ойларын түсінуге деген төзімділігі шексіз. Әртүрлі ұлт, дін, мәдениет өкілдеріне бірдей сыйластықпен қарайды. Оның тек оқушылармен ғана емес, ата-аналармен, әріптестерімен ынтымақтаса алу қабілеті зор.
Фестиваль нәтижесінде әр бағыт бойынша үздіктер анықталып, облыстық кезеңге жолдама алды. Қатысқан барша үміткерлерге алғыс білдіреміз.
Кемеңгер ойларыңыз зейінмен ашыла берсін.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ