Алматы әкімі Ерболат Досаев Сурдлимпиада жеңімпаздарына баспана сертификатын табыс етті

Алматы әкімі Ерболат Досаев Сурдлимпиада жеңімпаздарына баспана сертификатын табыс етті

Алматы әкімі Ерболат Досаев 24-ші Сурдолимпиада жүлдегерлерін марапаттады.

Грек-рим және еркін күрестен бірінші орын алған Хайратхаан Шонкуға қала әкімінің атынан үш бөлмелі пәтер сертификаты табысталды. Грек-рим күресі бойынша Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері Тәжиев Асылжан 2 бөлмелі пәтерге ие болды. Дзюдодан күміс, командалық есепте қола жүлдегер атанған Нұрмұхаммед Әлдібекке 2 бөлмелі пәтердің кілті тапсырылды. Дзюдодан құрама сапында және командалық жарыста қола жүлдегер атанған Әсел Мақсұтова, Шаяхмет Қанапиянов, Ермек Жәнібекұлы, Асхат Адамбаевқа 1 бөлмелі пәтердің сертификаты табыс етілді. Жеңіл атлетикадан Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері Рауан Бейсебайға 1 бөлмелі пәтер сертификаты берілді.

Естеріңізге сала кетейік, 1-15 мамыр аралығында Кашиас-ду-Сул қаласында (Бразилия) XXIV Сурдлимпиада ойындары өтіп, оған 73 елден 2500 спортшы қатысты. Медальдық есепте Қазақстан 11 медаль жеңіп алып, 13-ші орынға тұрақтады. Оның ішінде: 2 алтын, 2 күміс және 7 қола жүлде. Қазақстан құрама командасында 57 спортшы бар, оның 12-сі Алматы қаласы спорт басқармасының мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубының спортшылары, олар спорттың 5 түрінен (дзюдо, грек-рим және еркін күрес, жүзу, жеңіл атлетика) сынға түсті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында еліміздің өңірлерінде азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған...

Халықты жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету – мемлекеттің басым міндеттерінің бірі. Қысқы маусымның тұрақты өтуін қамтамасыз ету...