НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
Нашақорлық – адамзаттың қас жауы. Бүгінде дүниежүзі осы ғасыр дертінің алдын алу мақсатында түрлі шаралар қолданып, мәселені шешудің жолын іздеуде.
«Нашақорлық – балалар арасында тез таралып, жастарымыз уланып жатыр. Есірткімен күрес белсенді жүргізілмесе, ертең бәрі кеш болуы мүмкін», - деді Президент өз сөзінде.
 
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Авиценна» атындағы жоғары медициналық колледжінде кездесу өткізді.
Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Манабаева Балжан, Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері Одаман Меруерт қатысты.
Жиында тақырып бойынша қажетті ақпараттар беріліп, нашақорлықтың адамның өмірі мен денсаулығына кері әсері және заң алдындағы жауапкершіліктері туралы айтылды. Сондай-ақ, жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өзара еркін пікір алмасты.
 
Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Алпамыс атындағы №40 мектептің оқушылары нашақорлықтың алдын алу мақсаында жастарға және аудан тұрғындарына бейне үндеу жасап, есірткі заттарының қолданудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік берді.
Еңбекші полицейлері есірткі заттарымен байланысты кез келген заңсыз іс-әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. 2024 жылда "Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын" іске асыру шеңберінде Еңбекші ауданында полиция қызметкерлері есірткі қылмысын алдын алу мақсатында есірткі заттарды (синтетикалық) қолданудың және олардың таралуының зияны, жазаның бұлтартпастығы және өзге де әлеуметтік салдары туралы түсіндіру жұмыстары күшейтілген түрде жүргізілетін болады.
 
Жастар арасында есірткіге тәуелділіктің зияндығын насихаттау мақсатында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Мирас колледжінің студенттері арасында кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, Манабаева Балжан, Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері Арынтаева Бағила, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Алжанов Бексұлтан қатысты.
Сала мамандары нашақорлық індеті жер бетінде миллиондаған адамның өмірін жалмап жатқанын және аталған індеттің шекараны, жасты, нәсілді талғамайтынына тоқталып, есірткіден бойды аулақ салудың маңызын, салауатты өмір сүру салтын ұстанудың маңызды екендігін жеткізді.
Полицей студенттерге есірткі заттарын өткізу мен таратқаны үшін жазаларды, нашақорлық мәселелері бойынша деректер мен статистиканы мысалға келтіре отыра түсіндіру жұмыстарын әрмен қарай жалғастырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылы Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында негізгі салалар бойынша оң өсімге қол жеткізілді. Экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын...