ШЫМКЕНТТЕ КОММУНАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ӨЗ ШЕШІМДЕРІН ТАБУДА

ШЫМКЕНТТЕ КОММУНАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ӨЗ ШЕШІМДЕРІН ТАБУДА
2024 жылы Шымкентте 81 елді-мекеннің 79-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 2 елді мекен кестемен (Құрсай, Сайрам,) қамтамасыз етілуде.
2023 жылы 6 нысанның (Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс) құрылыс жұмыстарына 9,5 млрд.теңге бөлініп, жыл қорытындысымен Қайнарбұлақ тұрғын алабы және Еңбекші ауданы бойынша 7 елді мекеннің жаңа құрылыс аумақтарында ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталды.
Осыған орай, елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 98,5%-дан 99%-ға өсті. Сонымен қатар, 2024 жылы Құрсай, Сайрам тұрғын алабы аумақтарын ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарын аяқтап, ауыз су жүйесімен 100%-ға қамтамасыз ету жоспарлануда.
Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы 81 елді-мекен толық сапалы электр қуатымен қамтылған.
2023 жылы 6 нысанның (Қайнарбұлақ, Батыс, Нұрсәт, Түркістан, Асар-2, «Ақжар» 110/35/10кВ) құрылыс жұмыстарына 1,6 млрд.теңге бөлініп, жыл қорытындысымен 4 нысанның (Қайнарбұлақ, Батыс, Нұрсәт, Түркістан) құрылыс жұмыстары аяқталды.
Нәтижесінде, 22 мыңға жуық адам сапалы электр жүйесіне қосылуға мүмкіндік алып, қамту деңгейі 98%-дан 100%-ға өсті.
Сонымен қатар, 2024 жылы 4 елді мекеннің (Сайрам, Бозарық, Асар-2, Құрсай) жаңа құрылыс аумақтарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарын 2024-2025 жылдары атқару жоспарлануда.
Оның ішінде ағымдағы жылы Асар-2 шағын ауданы бойынша 1150 абонентке сапалы электрмен қамту жұмыстарының құрылысы аяқталып, қазіргі таңда абонентеу жұмыстары жүргізілуде. (Аталған нысанда мердігер мекеме «А.Мерей И К» ЖШС. Жоба құны: 1,1 млрд.теңге. Құрылыс барысында ұзындығы 105,2 шақырым электр желілері жүргізілді. Оның ішінде: 1 дана РП 10КВ ,11 дана КТПН 10/0,4, электр қондырғыларының құрылысы аяқталды.)

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Вьетнам өнеркәсіп және сауда министрі Нгуен Хонг Зиенмен кездесу өткізді, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі...

2024 жылғы 14 мамырда онлайн режимінде өткен ЕЭК кеңесінің кезекті отырысында тауарлардың жекелеген түрлеріне міндетті талаптарды белгілейтін...