Шымкентте Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қолға алынған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы қарқынды жүріп жатыр. Тал егу шараларына қала жастары, еріктілер, мектеп оқушылары мен ұстаздар да белсенді қатысып жатыр, деп хабарлайды интернет-ақпараттық ресурсы "NO-COMMENT.KZ".
Акцияның алғашқы онкүндігінде «New weve» экологияны қорғаушы еріктілер компаниясы марафон ұйымдастырды. Шара барысында волонтерлар қалалық №46 мектеп-лицейінің айналасына жеміс ағаштарын отырғызды. Жалпы 20 түп алма, 20 түп шие мен 10 түп алмұрт көшеті егілді.
Акция аясында тарихи-мәдени орындардың тазалығы да назардан тыс қалмады. Қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, іргелес елді мекен тұрғындары медениет кешендерін көгалдандырып, аумағын толық қоқыстан тазартты. Сонымен қатар, ағаш көшеттерінің түбін қопсыту, әктеу, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін және шамдарды тазалау жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, Президент тапсырмасымен қолған алынған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы 5 аптаға жалғасады. Шымкенттіктер шара соңына дейін тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, қаланың көркеюіне үлесімізді қосамыз деп отыр.
Сондай-ақ кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы және Shymkent ӘКК мамандары қалалық сауда-логистикалық орталығына ағаш екті. Экологиялық акция барысында жалпы саны 700-ге жуық ағаш көшеті отырғызылды.
Сонымен қатар, тазалық шарасында аумақты қоқыстан тазалау, шөп ору және ағаш ақтау жұмыстары жүргізілді. Жалпы бұл акцияға 60-тан астам тұрғын атсалысты.
Қала тазалағы- әрбір тұрғынның міндеті деп санайтын қызметкерлер бұл шараға барша шымкенттіктерді белсенді қатысуға шақырады.