Жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери-патриоттық рух қалыптастыру мақсатында Индустриялды техникалық колледжінде «Әскерге бару – азаматтық парызың» тақырыбында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент қаласы Абай және Әл-Фараби аудандарының біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі басқармасының подполковнигі Ғани Абдукадиров және Шымкент қаласы Абай және Әл-Фараби аудандарының біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Райкуль Абдыкалыкова қатысып, жастармен пікірмен алмасты.
Жиында әскери тәртіпті сақтау, сарбаздардың өзара қарым-қатынасын жетілдіру бағытындағы жұмыстар, әскери қызметкерлерге арналған бағдарламалар жөнінде ақпарат беріліп, жастармен кері байланыс жүргізілді.