НАШАҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

НАШАҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
«Нашақорлық – балалар арасында тез таралып, жастарымыз уланып жатыр. Есірткімен күрес белсенді жүргізілмесе, ертең бәрі кеш болуы мүмкін», - деді Президент өз сөзінде.
Осы орайда, Жастар арасында есірткіге тәуелділіктің зияндығын насихаттау мақсатында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Мирас колледжінің студенттері арасында кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, Манабаева Балжан, Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері Арынтаева Бағила, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Алжанов Бексұлтан қатысты.
Сала мамандары нашақорлық індеті жер бетінде миллиондаған адамның өмірін жалмап жатқанын және аталған індеттің шекараны, жасты, нәсілді талғамайтынына тоқталып, есірткіден бойды аулақ салудың маңызын, салауатты өмір сүру салтын ұстанудың маңызды екендігін жеткізді.
Полицей студенттерге есірткі заттарын өткізу мен таратқаны үшін жазаларды, нашақорлық мәселелері бойынша деректер мен статистиканы мысалға келтіре отыра түсіндіру жұмыстарын әрмен қарай жалғастырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-та жоғары білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға бағытталған бірқатар...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша Көлік, Қаржы министрліктері...