ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАП КӨРДІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАП КӨРДІ
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков бүгінгі кезекті аралау барысында балалар ойын алаңдарын, спорттық жабдықтар мен тренажерлер шығаратын «Step Park KZ» ЖШС цехтарын аралады.
Сондай-ақ, сүт өңдейтін «BIO Food kz» кәсіпорнының жұмысымен танысты.
Компания басшылары өндіріс барысы және даму жоспарларымен бөлісті.
Сонымен қатар, № 10 колледждегі құрылыс жұмыстарын тексерді. Осыған дейін берген тапсырмаларының орындалғанын, мердігерлер кемшіліктерді қалпына келтіргендігін көріп қайтты.
Сондай-ақ Тұран ауданында Желтоқсан көшесі бойындағы гүлзар құрылысын тексерді. Мердігер мекеме өкілдерімен абаттандыру мәселелерін талқылап, қосымша мамандарды тарту арқылы жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды.
Кейін Шымкент қаласындағы №12 спорт мектебінің қосымша ғимаратымен, өрт сөндіру депосының құрылысымен танысты.
Жауаптыларға жұмысты сапалы және өндірістік кестеге сай атқаруды міндеттеді.
Сонымен бірге, Абай ауданындағы 140 орындық жаңа балабақша ғимаратында болып, Үржар көшесінің тұрғындарымен кездесті. Жергілікті азаматтар жолдарды жөндеу және көшелерді жарықтандыру мәселелерін көтерді.
Жауапты мамандарға тұрғындардың талап- тілектерін ескере отырып, тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министр Казахстана Олжас Бектенов провел оперативное совещание по паводковой ситуации на западе страны, где продолжительное время ведется...