САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ - ДҰРЫС БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ - ДҰРЫС БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Нашақорлық – адамзаттың қас жауы. Бүгінде дүниежүзі осы ғасыр дертінің алдын алу мақсатында түрлі шаралар қолданып, мәселені шешудің жолын қарастыруда.
Сондай шаралардың бірі - Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент жоғарғы педагогикалық колледжінде есірткінің зияндығын насихаттау мақсатында кездесу өтті.
Шараға Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Манабаева Балжан, Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері Одаман Меруерт қатысты.
Кездесу барысында спикерлер нашақорлықтың адам өмірі мен денсаулығына кері әсері, есірткіге құмарлықты қалыптастыруға ықпал ететін факторлар туралы қажетті ақпараттар беріп, жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды.
Cонымен қатар, жастар арасындағы лудоманиямен күрес жұмыстары жалғасуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды. Лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс» - деген болатын.
Осы мақсатта бүгін Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент жоғары педагогика колледжінің жастарына «Лудомания - қоғамның дерті» тақырыбында кездесу өткізді. Оған Еңбекші аудандық «Ардагерлер жанынан құралған аналар кеңесі» төрайымы Нарбекова Дильдан, Еңбекші аудандық «Ардагерлер жанынан құралған аналар кеңесі» мүшесі Нұрғалиева Әлия, Шымкент қаласының Еңбекші ауданының инспекторы, полиция аға лейтенанты Төребай Әсел мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы Сайдахан Жібек қатысты.
Спикер лудоманияның қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып келе жатқанына тоқталып, оның зияны мен адам өміріне тигізер қауіп-қатерімен бөлісті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министр Казахстана Олжас Бектенов провел оперативное совещание по паводковой ситуации на западе страны, где продолжительное время ведется...