ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫНАН 10 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫНАН 10 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге Шымкент қаласынан арнайы 10 тонна зат тиеген жүк көліктері жолға шықты.
Еліміздің бірнеше өңіріндегі су тасқынына байланысты Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының ғимаратында елдегі жағдайға байланысты 29 наурыздан бастап гуманитарлық көмек қабылдайтын бекет іске қосылған болатын. Сол уақыттан бастап, қаланың бей-жай қарамайтын тұрғындары дәрі-дәрмек, азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық керек-жарақтарды жинау заттарына атсалысты.
Гуманитарлық көмек жинауға кәсіпкерлер, қала жастары(оқу орындары) мен қала тұрғындары өз үлестерін қосып, қажетті гуманитарлық заттар жинау жұмыстарына көмектесті.
Арнайы ашылған бекет жанынан құрылған 130-ға жуық еріктілер тобы күнделікті жиналған қажетті заттарды сұрыптап, арнайы қорапта жинақтап отырды.
Сонымен қатар, Шымкент қалалық ҚХА, этномәдени бірлестік мүшелері, кәсіпкерлер екі күннің ішінде қаланың екі бұрышынан арнайы бекет ашып, 20 тоннаға жуық көмек жинады. Атап айтқанда, азық-түлік өнімдері, киім-кешек, тұрмыстық химия, гигиеналық заттар, жалпы соммасы 10 млн. теңгеден асатын гуманитарлық көмек ұйымдастырылды.
- Еліміздегі жағдайға байланысты қалалық ҚХА жанынан арнайы штаб жұмыс істеп жатыр. Гуманитарлық көмекке қаладағы барлық этномәдени бірлестіктер атсалысты. Бүгін Мемлекет басшысы да жағдайға байланысты Үндеуін жариялады. Біздің күшіміз - бірлікте! Қиындықты баршамыз бірлесе еңсереміз, - деді Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нышанбаев.
Айта кетсек, көмек керуені сағат 16:30-да Атырау облысына аттанып кетті.
Қазіргі таңда қаладағы этнос өкілдері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек беру мақсатында ашылған банктік есеп-шотқа қаржы аудару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...