БЛОГЕРЛЕР ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

БЛОГЕРЛЕР ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Жастар ресурстық орталығы жас кәсіпкер, «JAKE TAU» турының негізін қалаушы, туризм саласында ерекше орны бар Қабылбай Жақсыбек және жергілікті танымал блогерлермен кездесу ұйымдастырды.
Жастарды кәсіпкерлікке баулу, кәсіп бастауға деген ынталарын арттыру мақсатында өткен шараға Орталық Азия Инновациялық университетінің жастары қатысты.
-Кәсіп бастамас бұрын адам бірінші орынға ақшаны емес, халықтың көңілінен шығатындай дүниені ойға алу қажет. Өзгенің рақметіне бөленіп, алғысын алған сәтте кәсіп ашу жолында кезіккен қиыншылықтың бәрі жоғалады. Сол үшін де ешнәрседен қорықпай, батыл қадам жасау керек, - деді жас кәсіпкер.
Кездесу барысында жастар спикермен түрлі пікірлер алмасып, жетістікке жету жолдарында өздері қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-та жоғары білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға бағытталған бірқатар...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша Көлік, Қаржы министрліктері...