ТҰРҒЫНДАРДЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – НЕГІЗГІ МІНДЕТ

ТҰРҒЫНДАРДЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – НЕГІЗГІ МІНДЕТ

Қазіргі таңда, Шымкент қаласындағы 81 елді-мекеннің 79-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 2 елді мекен кестемен (Құрсай, Сайрам,) қамтамасыз етілуде.
2023 жылы 6 нысанның (Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс) құрылыс жұмыстарына 9,5 млрд.теңге бөлініп, жыл қорытындысымен Қайнарбұлақ тұрғын алабы және Еңбекші ауданы бойынша 7 елді мекеннің жаңа құрылыс аумақтарында ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталды.
Нәтижесінде, 37 мыңға жуық адам ауыз су жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Осыған орай, елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 98,5%-дан 99%-ға өсті.
Сонымен қатар, 2024 жылы Құрсай, Сайрам тұрғын алабын және Қайтпас-1, Бозарық тұрғын алабының жаңа құрылыс аумақтарын ауыз сумен толық қамту жоспарлануда. Осыған орай, елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 100% құрайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министр Казахстана Олжас Бектенов провел оперативное совещание по паводковой ситуации на западе страны, где продолжительное время ведется...