ШЫМКЕНТТЕГІ 81 ЕЛДІ-МЕКЕН ТОЛЫҚ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛҒАН

ШЫМКЕНТТЕГІ 81 ЕЛДІ-МЕКЕН ТОЛЫҚ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Қазіргі таңда, Шымкент қаласындағы 81 елді-мекен толық сапалы электр қуатымен қамтылған.
2023 жылы 6 нысанның (Қайнарбұлақ, Батыс, Нұрсәт, Түркістан, Асар-2, «Ақжар» 110/35/10кВ) құрылыс жұмыстарына 1,6 млрд.теңге бөлініп, жыл қорытындысымен 4 нысанның (Қайнарбұлақ, Батыс, Нұрсәт, Түркістан) құрылыс жұмыстары аяқталды.
Нәтижесінде, 22 мыңға жуық адам сапалы электр жүйесіне қосылуға мүмкіндік алып, қамту деңгейі 98%-дан 100%-ға өсті.
Сонымен қатар, 2024 жылы 4 елді мекеннің (Сайрам, Бозарық, Асар-2, Құрсай) жаңа құрылыс аумақтарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарын 2024-2025 жылдары атқару жоспарлануда.
Оның ішінде ағымдағы жылы Асар-2 шағын ауданы бойынша 1150 абонентке сапалы электрмен қамту жұмыстарының құрылысы аяқталып, қазіргі таңда абонентеу жұмыстары жүргізілуде. (Аталған нысанда мердігер мекеме «А.Мерей И К» ЖШС. Жоба құны: 1,1 млрд.теңге. Құрылыс барысында ұзындығы 105,2 шақырым электр желілері жүргізілді. Оның ішінде: 1 дана РП 10КВ ,11 дана КТПН 10/0,4, электр қондырғыларының құрылысы аяқталды.)

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ