ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛУ ҚҰБЫРЛАРЫНЫҢ ТОЗУ ДЕҢГЕЙІ 37%-Ы ҚҰРАЙДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛУ ҚҰБЫРЛАРЫНЫҢ ТОЗУ ДЕҢГЕЙІ 37%-Ы ҚҰРАЙДЫ

Шымкент қаласы аумағы боиынша 838,6 км жылу құбырлары бар: Тозу деңгейі 37%-ы құрайды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз-қызметі.
Сондай ақ, 23 қазандық және 17 сорғы стансалары бар:
- 23 қазандықтың тозу деңгейі - 30,5% құрайды.
- 17 сорғы стансалары тозу деңгейі -41 %
2023 жылы жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында бюджеттен 5,0 млрд. теңге қаржы қаралды. Атап айтқанда:
3,2 млрд. теңгеге 8,7 км жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
1,8 млрд. теңгеге 4,5 км жылу жүйелеріне 2 нысанға (Адырбеков, Нұрсат) қайта құру жұмыстары жүргізу жоспарланып, жыл қорытындысымен 1 нысанның (Нұрсат) құрылыс жұмыстары аяқталды.
Осыған орай, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2076 көпқабатты тұрғын үйлер және 464 бюджеттік мекемелер тұрақты жылумен қамтамасыз етілді.
2024 жылы жылу жүйелерімен үздіксіз қамтамасыз ету және тозу деңгейін төмендету мақсатында бюджеттен 4,0 млрд. теңге бөлінді.
- 2,4 млрд. теңгеге 30,0 км жуық жылу жүйелеріне
ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
- 1,4 млрд. теңгеге 4 нысанның құрылыс жұмыстары
жүргізіледі. (Оның ішінде 2 нысанның жылу қазандығын жаңғырту жұмыстары басталады және 7,2 км жылу жүйелеріне (2 жоба) қайта құру жұмыстары жүргізіледі)

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ