СЫЗДЫҚБЕКОВ ИНДУСТРИЯЛЫ АЙМАҚҚА БАРДЫ

СЫЗДЫҚБЕКОВ ИНДУСТРИЯЛЫ АЙМАҚҚА БАРДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы кезекті аралау барысында “Тассай” индустриялық аймағында іске қосылған өндіріс орындарының жұмысымен танысты.
Қазір мұнда 33 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың арасында құрылыс материалдарын, жиһаз өнімдерін, шоколад кәмпиттерін, медициналық бұйымдарды, стерильді дәрілік заттарды, тұрмыстық тауарларды өндіретін зауыттар мен цехтар бар.
Сонымен қатар, индустриялық аймақта тағы 9 жобаны іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпкерлермен кездесуде инвесторларды, жаңа жобаларды қолдауға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ, кәсіпорындарға қолайлы жағдай жасау үшін инфрақұрылым жүргізуді жалғастырамыз.
Қаратау ауданындағы Tassay атындағы су, салқындатылған шай шығаратын “Юникс” ЖШС-де болдық, компания басшылығы жұмыс барысымен, даму жоспарларымен таныстырды.
Аралау қорытындысында жауаптыларға кәсіпкерлікті қолдау шараларын күшейтуді тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ