ОСЫ АПТАДАҒЫ ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

ОСЫ АПТАДАҒЫ ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

ЕВРОПА КУБОГЫ
Польша/Познан қаласында Дзюдодан жастар арасында Еуропа Кубогінде жерлесіміз Орынбасар Талғат 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жарыстың жеңімпазы атанды.

АЗИЯ КУБОГЫ
Ташкент қаласында Дзюдодан жасөспірімдер арасында Азия Кубогі аяқталды. 4 мемлекеттен 325 спортшылар қатысқан Азия Кубогінде Көреген Диннур 90 келі салмақта үшінші орынға қол жеткізді.

ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ
Павлодар қаласында есту органдары зақымданған жастар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Жарыста жерлестеріміз 7 алтын, 7 күміс, 10 қола медальмен жалпы командалық есепте 2-ші орыннан көрінді. Ал, Қызылорда қаласында ауыр атлетикадан өткен жеке жаттығулар бойынша 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Шымкент қаласының спортшылары жеңіс тұғырынан көрініп, 3 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлде еншіледі. Сондай-ақ, жалпы командалық есепте 2-ші орыннан көрінді. Пауэрлифтингтен ерлер мен әйелдер арасында өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатында спортшыларымыз 1 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлдемен шектелді.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Алматы қаласында таеквондо WT-дан балалар, кадеттер және жеткіншектер арасында өткен “ALASH” спорт клубының ашық Республикалық турнирінде жерлесіміз 12-14 жас ерекшелігі арасында өнер көрсетіп, Абдуқадыр Әли 37 келі салмақта жеңімпаз атанды. Ал, үстел теннисінен жасөспірімдер арасында “Aksukent Open 2024” Республикалық турнир өз мәресіне жетті. Қосар Томирис пен Жумағұл Марлен алтыннан алқа тақса, Камилжанова Ойдин мен Жумағұл Абай қоланы қанағат тұтты.

10-16 сәуір аралығында Шымкент қаласы «Мұз сарайы» спорт кешенінде, шайбалы хоккейден 2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында
“Федерация Кубогына” арналған Республикалық турнирдың 4 туры өтті.(А тобы)

«Тұран» командасының финалдағы нәтижесі:
Turan (7-3) Alma Ata (Алматы қаласы)
Turan (11-3) Strizhi (Алматы қаласы)
Turan (5-2) Qulager (Петропавл қаласы)
Turan (4-1) Molniya (Ақсу қаласы)
Turan (4-1) Astana (Астана қаласы)
Turan (5-4) Junost (Қарағанды қаласы)

2023-2024 жылғы Маусымның Үздіктері:

«Үздік Сұрмерген» Ян Хегай ?
«Үздік бомбардир» команда капитаны Ким Александр?
«Үздік қорғаушы» Утепкалиев Алдияр ?

Жаттықтырушылар: Байдеу Жанат, Юрий Волосенко

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министр Казахстана Олжас Бектенов провел оперативное совещание по паводковой ситуации на западе страны, где продолжительное время ведется...