ШЫМКЕНТТІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚҚА КӨМЕК КЕРУЕНІН ЖІБЕРДІ

ШЫМКЕНТТІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚҚА КӨМЕК КЕРУЕНІН ЖІБЕРДІ
Бүгінде су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге еліміздің түпкір-түпкірінен гуманитарлық көмек әлі де жөнелтіліп жатыр, деп хабарлайды ақпарат агенттігі NO-COMMENT.KZ. Жалпы, зардап шекен аумақтардағы елдің жай-күйі ешкімді бей-жай қалдырмауда. Тіпті, мектеп оқушысына дейін барынша көмек көрсеткісі келетіндігі,бұл қаза халқының қанына сіңген қасиеттен болса керек.
Шымкенттен де бірнеше гуманитарлық көмекпен бірге техника да жөнелтілген болатын. Бүгінде жіберілген заттар діттеген жеріне жетті. Мысалы, Атырауға Шымкенттен барған техникалар кезек күттірмейтін жұмыстарға жұмылдырылған.
Енді, қаладағы жоғары оқу орындары да игілікті істерден шет қалмай, Жұмабек Тәшенов атындағы университетінің ұйымдастыруымен бес университеттің оқытушы пофессорлары бірігіп, бес жүк көлігімен батыс өңіріне гуманитарлық көмек жолдады.
Оқу орнының басшылары алдымен су басқан аймақпен тікелей хабарласып, өте керекті заттардың тізімін жасап, соған орай заттарды жинақтаған. Оның ішінде киім-кешекке қоса, дәрі-дәрмек, су тартатын насостар, резинка етік, құрылыс заттары бар Сондай-ақ, 150 көрпе, жастық, көрпеше, балалар жөргегі де бар. Бұл заттар ұйымдастырушылардың айтуы бойынша бір күндік жалақы аударылып, аталған тізім бойынша керек жарақтар алған.
Жөнелтілген жүк көлігінің әр қайсысында 10-12 тонна гуманитарлық заттар бар.
Бұл тек бүгін ғана емес, бұған дейін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан Педагогиқалық Университеті Арқалық қаласындағы 21 студенттің оқу ақысына 6 миллионға жуық қаражат аударған болатын.
Осылайша шымкенттік жоғары оқу орындарының ұжымдары қиын сәтте ауызбіршілік танытып,зардап шеккен аймақтарға қол ұшын созуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжінің студенттеріне «Қыздар кеңесі» мектебі жобасы аясында «Қыз өссе - елдің...