ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары саласындағы шараларды кеңейту туралы Жарлыққа қол қойып, адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралары туралы» 2021 жылғы 9 маусымдағы Жарлыққа қосымша тармақ енгізді, деп хабарлайды ақпарат агенттігі NO-COMMENT.KZ. Онда адам құқықтары мен заңның үстемдігі саласындағы одан әрі шаралар жоспарын бекіту туралы айтқан болатын.
Осы орайда, Жастар ресурстық орталығы «Құқықтық сауаттылық – қоғам айнасы» тақырыбында жастар арасында кездесу ұйымдастырды.
Жол-көлік колледжінде өткен кездесуге Шымкент қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Бибігүл Абдалиева, Шымкент қаласы полиция басқармасы Тұран ауданы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция капитаны Молдыбаев Нұржігіт, Шымкент қаласы «Сана сезім» орталығының заңгері Тулаев Бехзод және Шымкент қаласы ювенальды адвокатурасының авдокаты Тавашхоров Ахрор қатысып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында бірқатар заңдар жөнінде айтып берді.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы аумағында өтіп жатқан рейдтік іс-шараларға тоқталып, түнгі уақыттарда кәмелет жасына толмаған жастардың заңды өкілінсіз жүруінің қауіп-қатерін жеткізді.
Сонымен қатар, ұлттың ұлт болып қалуы, қоғамның дамуы, мемлекеттің өркендеуі ең алдымен отбасы тәрбиесінен бастау алады. Бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды дәріптеу мемлекеттік деңгейде қадағалануы тиіс. Сондай-ақ, осы мақсатта – Жастар ресурстық орталығы «Отбасы құндылығы - ұлттық тәрбие негізі» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.
Шымкент қаласы «Аналар» кеңесінің мүшелері Хожабекова Ұлбала, Умарова Айсұлу, Бекболатова Нұрбибі және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психолог маманы Әбдразақ Әсел қатысты.
- Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қанат жайып түлеп ұшатын алтын ұясы. Адамзат өміріндегі мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен тектілік секілді асыл қасиеттерді бойына жинайтын жандар, оны ұрпақ санасында қалыптастыратын ардақты әкелер мен аяулы аналар. Сол үшін осы екі жанның қадір-қасиетіне жете біліңіздер, - деді «Аналар» кеңесінің мүшесі.
Спикерлер жастарды саналы отбасылық некелі өмірге дайындау, саналы көзқарас қалыптастырып, дұрыс бағыт-бағдар беру мен ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжінің студенттеріне «Қыздар кеңесі» мектебі жобасы аясында «Қыз өссе - елдің...