ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ГРОССМЕЙСТЕРІ КУБОГІ ҮШІН ШАХМАТ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ГРОССМЕЙСТЕРІ КУБОГІ ҮШІН ШАХМАТ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Үшінші мегаполисте қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш гроссмейстер Гүлісхан Нахбаеваның кубогі үшін кубогы үшін студенттер арасында турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды ақпарат агенттігі NO-COMMENT.KZ. Оған Шымкенттегі 12 колледжден 41 студент қатысуда.
– Президентіміз Қасым-жомарт Кемелұлы Тоқаев әділетті Қазақстанды құру жолында адал ұрпақ тәрбиелеу керек екендігін, ол адал ұрпақтың деңгейі биік, парасат-пайымы жоғары болуы керектігін айтып келеді. Осы тұрғыда Президентіміз неше жылдан бері шахмат спортын дамыту туралы Үкіметке де тапсырма беріп, кешенді жоспар жасалған болатын. Бұл салаға Шымкент қаласының білім басқармасы да, спорт басқармасы да айырықша көңіл бөліп отыр. Сол кешенді жоспардың арқасында оқу сағаттары бөлінді. Келесі оқу жылынан бастап біздің мектептердегі балаларымыз да осы қосымша вариативті сағаттар бойынша шахмат сабақтарын өтетін болады. Өскелең ұрпаққа үлгі болатындай тұлға қажет. Сондай тұлғалардың бірі – үздік шахматшы Гүлісхан Нахбаева. Бүгінгі жарыс алғаш рет ұйымдастырылып жатыр. Бұл турнирден де Гүлісхан сияқты мықты шеберлер шығып, келер ұрпаққа үлгі көрсетеді деп білеміз. Барлық қатысушыларға сәттілік! – деді С. Құранбек.
Аталмыш турнир FIDE ережесіне сәйкес өтуде. 7 турдан тұратын турнирде шахматшыларға әр турға 15 минут уақыт беріледі. Шахмат турнирі екі күнге жалғасады.
Айта кетейік, Гүлісхан Сайфуллинқызы Нахбаева – 1991 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.2012 жылы Қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш гроссмейстер атанды. Қазақстанның алты дүркін чемпионы. 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында Азияның екі дүркін жеңімпазы. 20 жасқа дейінгілер арасында Азияның күміс жүлдегері. Әйелдер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Сондай-ақ, 2013 жылы Ерлер арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған тұңғыш қазақ қызы.
Айта кетейік, турнирдің ұйымдастырушысы әрі демеушісі Гүлісхан Нахбаеваның ата-анасы – Сайфуллин Нахыпбекұлы мен Айдын Орысбайқызы. Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 миллион теңгені құрады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ