«ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ: АҒАШ ТА ЕГІЛДІ, ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ДА ЖҮРГІЗІЛДІ

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ: АҒАШ ТА ЕГІЛДІ, ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ДА ЖҮРГІЗІЛДІ
Еліміз бойынша «Таза Қазақстан» республикалық тазалық акциясының «Жасыл аймақ» атты үшінші аптасы жалғасуда. Бұл апталықтың бағыты бойынша көшеттер отырғызылып, ағаш түптері әкелу керек, деп хабарлайды ақпарат агенттігі NO-COMMENT.KZ сілтеме жасап Шымкент қаласының Өңірлік Коммуникациялар қызметіне.
Шымкентте республикалық акция басталғалы бері тазарту, абаттандыру жұмыстарымен қоса көшеттер мен түрлі гүлдер отырғызу жұмыстары да жалғасып жатыр. Қала көшелерінің жағалауына отырғызылған алқызыл, сары, көк гүлдер қаланың ажарын аша түсуде.
Дегенмен, тек қана көшеттер мен гүлдер ғана отырғызылып жатқан жоқ, сонымен бірге күнделікті тазалық жұмыстары да тоқтаусыз атқарылып жатыр.
Нақтырақ айтсақ, Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Тұран-1 шағын ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Балалар ойын алаңшаларындағы жаттығу құралдары сырланды. Оған тұрғындардың өздері ынталы болып, белсене араласты.
Сонымен бірге, жастар ресурстық орталығының белсенділері де, Шымкент қалалық опера және балет театрының қызметкерлері, Қаратау аудандық коммуналдық мекемесі, тұрғындар, мектеп оқушылары да тазалық жұмыстарына қатысып, өсіп кеткен ағаш бұтақтары қырқылып, шөптер орылды.
Жалпы, республикалық сенбіліктің мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу туған жерге деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сонымен қатар әрбір азамат тұрған жерінің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу.
Сондай-ақ аудан, қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған.
Айта кетейік, елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өтіп жатыр. Экологиялық шара әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өтеді. Мәселен, бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. Тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындар үйлері мен ғимарат аумақтарында тазалық жүргізеді. «Киелі мекен» деп аталатын екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыруға арналады. Ал үшінші аптада көшеттер отырғызылып, ағаштардың түбі әктеледі. «Өнегелі ұрпақ» дейтін төртінші аптада ардагерлер сарайы мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазарту көзделген. Соңғы бесінші аптада өзен-бұлақтардың арнасы қоқыстан тазартылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжінің студенттеріне «Қыздар кеңесі» мектебі жобасы аясында «Қыз өссе - елдің...