ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДАҒЫ АЛАТАУ САЯБАҒЫ КӨРКЕЙІП КЕЛЕДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДАҒЫ АЛАТАУ САЯБАҒЫ КӨРКЕЙІП КЕЛЕДІ

«Жасыл аймақ» апталығы барысындағы ағаш егу мен тазалық жұмыстары Еңбекші ауданы аумағында да атқарылды, деп хабарлайды ақпарат агенттігі NO-COMMENT.KZ.
Ағаш — адамға қажетті ауаны тазартып, оны реттеп отырады.
Сонымен қатар табиғаттың тепе-теңдігін сақтап тұратын да — ағаш. Сол себепті де аудан әкімшілігі ұйымдастырған тал егумен қатар сол тал өсіп тұрған жерлердің тазалығын қалыпқа келтіру мақсатындағы бүгінгі сенбілікте қыруар істер атқарылды.
Аудан аумағындағы Алатау саябағында тазалық жұмыстарына тұрғындары, әкімдік қызметкерлері және Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының ұжымы бар, жалпы 200-дей адамқатысып, 4 техника жұмылдырылды.
Айта кететін жайт, Алатау саябағы қала әкімінің тапсырмасы бойынша салынған болатын. Бұрын саябақ орынындағы заңсыз нысандар бұзылып, бүгінде ел демалатын саябаққа айналды.
Жалпы, қала аумағын абаттандыру, көгалдандыру мәселелері өзекті болып тұр. Себебі, бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар халықтың қолайлы өмір сүруіне тікелей әсер етеді. Сондықтан, қаланың микроклиматын қалыптастыру маңызды міндеттердің бірі болып отыр.
Еңбекші ауданында өткен бүгінгі тазалық жұмысына қатысқандар тазалық сақтау біле білгенге ең бірінші денсаулық үшін керек, екінші- тәрбие, мәдениет. Сондықтан айлығы тек бір күнмен шектелмеу керек деп, тазалық жұмыстарына алдағы уақытта да қатысатындықтарын жеткізді.
Айта кетейік, қала аумағындағы бұл бағыттағы жұмыстарға 4 жарым мыңнан астам адам қатысып, 56 арнайы техника жұмылдырылды. 10,6 шақырым аяқ жол тазаланып, 5500 дана ағаш әктеліп, қырқу жұмыстары жүргізілді. 85 текше метр қоқыс шығарылып, 4365 м ирригациялық жүйелер, 18 658 шаршы метрді құрайтын көше бойы тазаланды.
Бүгінгі таңда мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салынады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжінің студенттеріне «Қыздар кеңесі» мектебі жобасы аясында «Қыз өссе - елдің...