ШЫМКЕНТТЕ ЧЕРНОБЫЛЬ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЧЕРНОБЫЛЬ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ РӘСІМІ ӨТТІ
26 сәуір —Чернобыль апат құрбандарын халықаралық еске алу күні. Биыл атом электр станциясында орын алған апатқа 38 жыл толды, деп хабарлайды ақпарат агенттігі NO-COMMENT.KZ сілтеме жасап Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар қызметіне.
Айта кетейік, 1986 жылы 26 сәуірде Чернобыль атом электр стансасында апат болды. ЧАЭС атомдық реакторы толығымен бүлініп, қоршаған ортаға радиоктивті заттар тарады. Радиация Украина мен Ресей, Беларусь мемлекеті мен Еуропаның бірқатар елдеріне тарады. Апат орнынан 30 шақырым қашықтық түгелдей уланды. 2003 жылы өткен ТМД саммитінде Украина президенті Леонид Кучма ТМД елдеріне 26 сәуірді Халықаралық радиациалық апаттар құрбандарын еске алу күні деп жариялау жөніндегі ұсыныс тастады. Өткен жылдар ішінде апаттың жойқын салдарын еңсеру үшін көп күш-жігер жұмсалды. Апат салдарын жоюға Қазақстаннан 30 мың адам қатысты.
Сондай сұрапыл апаттың зардаптарын жоюға Оңтүстік Қазақстаннан 2000-ға жуық адам қатысты. Бүгінде сол жауынгерлердің 300-ге жуығы ғана арамызда жүр. Айтулы күнді еске алу үшін Чернобыль ардагерлерінің аллеясында орналасқан ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Еске алу рәсіміне Чернобыль апатының, Ауған соғысының, Семей полигонының ардагерлері қатысты.
– Жыл сайын осы жерде Чернобыль АЭС-ында болған апаттың құрбандарын еске алу рәсімін өткіземіз. Кеңес үкіметінің 15 республикасынан аттанғандардың ішінде Оңтүстік өңірдің да сарбаздары бар. Бүгінде Оңтүстік Қазақстанда 300-ге жуық ардагеріміз қалып отыр. Бәріміз Отан алдындағы борыштарымызды адал атқарып шықтық деп ойлаймын,- деді Чернобыль апатының ардагері, композитор Бағдат Алтаев.
Іс-шара барысында ардагерлерге қала әкімдігінің атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, энергетика министрі Алмасадам...

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымының қорытындысы мен келесі жылыту маусымына дайындық...