ШЫМКЕНТ: АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІ ХХХІІІ СЕССИЯҒА ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАТЫСТЫ

ШЫМКЕНТ: АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІ ХХХІІІ СЕССИЯҒА ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАТЫСТЫ
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессия отырысына Шымкенттегі ассамблея мүшелері онлайн режимде қатысты, деп хабарлайды ақпарат агенттігі NO-COMMENT.KZ.
Еліміздегі су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, мемлекет басшысы биылғы сессияны онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдаған болатын. Сессия жұмысына онлайн режимде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Ассамблея құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары, жастар қатысты.
Мемлекет басшысы халықтың бірлігі ел басына күн туғанда айқын көрінгенін атап өтті.
—Ассамблея сессиясы жыл сайын Бірлік күні қарсаңында өтіп келеді. Ал биылғы басқосу мемлекетіміз үшін күрделі кезеңге тұспа-тұс келді. Шын мәнінде, бұл сессияны дәл осы кезде өткізудің мәні зор. Бірлік пен ынтымақ — ешқашан ескірмейтін құндылықтар. Қазақстан аумағының жартысын тасқын су басып қалды. Еліміздің мызғымас бірлігі осы қиын күндерде айқын көрінді. Құтқарушылар, волонтерлер, мемлекеттік қызметшілер, сарбаздар, тәртіп сақшылары, қоғам белсенділері, бизнес өкілдері және жастар — бәрі бірге жүр. Ортақ істен ешкім шет қалған жоқ. Бүкіл аймақта қоғамның барлық өкілдері бір кісідей жұмылды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ сессияда ел бірлігі, тілімізге жанашырлық, жастар саясаты сынды өзекті мәселелер талқыланды. Сессияға қатысушы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Президент берген тапсырмалар бойынша жұмыс істеп, қолдау білдіретіндерін жеткізді.
Сондай-ақ, отырыста су тасқынының салдарын азайту және зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету шаралары талқыланып, қабылданды. Зардап шеккен отбасыларға қаржылық және материалдық қолдау көрсетілді, сондай-ақ инфрақұрылымды қалпына келтіру және өмірлік маңызды қызметтерді қамтамасыз ету бойынша арнайы комиссиялардың жұмысы ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы табиғи апаттың жағымсыз салдарын ойдағыдай еңсеру және елдің тұрақтылығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін қоғамның барлық секторларының күш-жігерін біріктіру қажеттігін атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Аталған Жарлық Президенттің биыл 7 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленді, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі...