Түркістан облысында сайлау комиссиясы мүшелеріне арналған семинар тренингі өтті

Түркістан облысында сайлау комиссиясы мүшелеріне арналған семинар тренингі өтті
Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 3 мамыр күні семинар кеңес өткізілді. Іс-шараға Түркістан облысы бойынша барлық аудан, қалалық аумақтық сайлау комиссия мүшелері қатыстты.
Қазіргі таңда сайлауға қатысты өзекті мәселелер бойынша облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері баяндама жасады. Семинардың күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша пікір алмасулар мен аудан, қалалық аумақтық сайлау комиссиялары тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Жалпы айтқанда сайлау жұмысының бағыттарымен жұмыстың жаңартылған тәсілдері тренинг арқылы түсіндірілді. Іс-шара түрлі спорттық шаралармен аяқталды.
Семинар-тренинг сонымен қатар сайлау өткізу кезеңінде үйлестіру мен тиімділік үшін маңызды болып табылатын сайлау комиссияларының әртүрлі деңгейлері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту тақырыбында оқытуды қамтыды. Облыстық комиссия өкілдері сайлау деректерін өңдеудегі дәлдік пен жеделдіктің маңыздылығын атап өтті, бұл семинарда практикалық жаттығулармен нығайтылды.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар алдағы сайлаудың ашықтығы мен адалдығын арттырудың кілті ретінде сайлау комиссиялары мүшелеріне үздіксіз білім беру мен тренингтің маңыздылығын атап өтті. Табысты тәжірибелерді талқылау және қатысушылар арасында тәжірибе алмасу Түркістан облысында неғұрлым тиімді және өзара іс-қимыл жасайтын сайлау жүйесін қалыптастыруға ықпал етті.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 1 қыркүйек күні деп айты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзін Жолдауында:
"Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олар­дың өздерін осы іске белсенді түрде тарт­қан жөн. Алдағы саяси реформа­лар­дың барлығы халықты мемлекет бас­қару ісі­не кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек. Мысалы, қоғамдық пікір сауалдамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр. Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн. Мұндай жүйенің қалай жұмыс істейтінін нақты білуіміз керек. Алайда бұл мәселенің шешімін кейінге қалдыруға болмайды. Келесі жылы бірқатар ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткі­зуге болады деп ойлаймын. Жергілікті билік өкілдерінің сайланбалы болуымен қатар, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзыреттерді бөлу және жергілікті өзін өзі басқару ісін айқындап алуымыз қажет."

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ