Ресей Қазақстан үшін қант квотасын жазғы маусымға дейін тағы 100 мың тоннаға арттыруды жоспарлап отыр

Ресей Қазақстан үшін қант квотасын жазғы маусымға дейін тағы 100 мың тоннаға арттыруды жоспарлап отыр

Бұл туралы 17 мамырда Қазанда (РФ) Қазақстан вице-премьері Серік Жұманғарин мен Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчуктың төрағалығымен өткен кездесуде келісілді, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 3 мамырында Ресей Федерациясының үкіметі осы жылдың 31 тамызына дейін қант шығаруға уақытша тыйым салу туралы қаулы қабылдады. Қазақстан үшін 120 мың тонна көлемі қарастырылған. Қоймалардағы және квота шеңберінде бөлінетін қолдағы қордың көлеміне қарамастан, қантты тұтынудың ең жоғары саналатын жаз маусымы қарсаңында қазақстандық тарап екіжақты кездесуде қант жеткізу квотасын тағы 100 мың тоннаға ұлғайту мәселесін көтерді. Алдын ала келісім алынды, енді квотаны ұлғайту мәселе 29 мамырда ЕЭК Кеңесінің отырысында қаралмақ.

Сондай-ақ кездесуде ағаш материалдарын Ресейден Қазақстанға әкету үшін өткізу пункттерінің санын көбейту мәселесі көтерілді. Қазіргі уақытта Қазақстан-Ресей шекарасында тек 6 өткізу пунктінен шығару ғана рұқсат етіледі. Енді Қазандағы кездесудің қорытындысы бойынша Ресей тарапы жақын арада тағы 4 автокөлік өткізу пунктін ашуға дайын екенін білдірді.

Тараптар сондай-ақ өзара сауда аясында тасымалданатын көліктер мен жабдықтарға электронды төлқұжат беру мәселелері бойынша уәкілетті құрылымдар арасында өзара іс-қимылды жедел орнатуға келісті. Сонымен қатар Шүлбі МАЭС екінші кезегін салу, Ертіс суларын пайдалану бойынша жоспар құру және басқа да мәселелер талқыланды.

Сол күні Қазанда Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Ресей Федерациясы Премьер-Министрінің орынбасары Марат Хуснуллинмен, Татарстанның Раисы Рустам Миннихановпен кездесті, онда қатысушылар Қазақстан мен Татарстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады. Серік Жұманғарин Kazanforum жұмысына қатысып, Қазақстан атынан сөз сөйледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

9 шілдеде Қазақстанда су шаруашылығы қызметкерлері – тұрақты сумен жабдықтауды, ирригацияны дамытуды және су ресурстарын қорғауды қамтамасыз ететін...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитаномен...

Теміртау қаласының №10 жалпы білім беретін мектебінде балаларға алғашқы стоматологиялық көмек көрсету және профилактика үшін заманауи жабдықтармен...