Түркістан облыстық Полиция департаменті бастығы, полиция генерал майоры Қабденов Мұрат Талапұлының нұсқауына сәйкес, Созақ аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 15-17 мамыр күндері аралығында аудан аумағында “Жасөспірім және жауапкершілік” жедел профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды no-comment.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысы полиция департаменті Созақ ауданы полицейлерінің қатысуымен Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы А.Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектептің 8-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында мектеп оқушыларына қоғамдағы өзекті мәселелердің біріне айналып отырған, жастар арасында деструктивті діни идеялардың таралуына жол бермеу, жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын құқықбұзушылықтардың оның ішінде, “Әлімжеттік, бопсалау, қорқыту, бұзақылық, қарақшылық, тонау, вандализм, ұрлық, алаяқтық, нашақорлық, лудомания, суицид, зорлық-зомбылық қылмыстарының" алдын алуды мақсат еткен жиында мазмұнды бағыттағы пікір алмасулар орын алды. Бұл шарада жастар өз ойларын ашық ортаға салып, аталған тақырып бойынша құқықбұзушықтардың орын алу себептері мен алдын алу бағыттарын да ұсынды. Кездесу барысында оқушыларға тақырыптарға сай бейне роликтер көрсетіліп, кең ауқымда түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кері байланыстар жасалды.
"Құрметті ата-ана! Өз балаңыздың өміріне өзіңіз жауапты екеніңізді ұмытпаңыз! Сондықтан әрбір ата-ананың назарына кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауларыңызды, бала тәрбиесімен тұрақты айналысып отыру қажет ететіндігін әрі, кәмелетке толмаған балаларыңызға бақылау және қадағалау жұмыстарын қатаңдатуларыңызды, сондай-ақ жазғы демалыс мезгілінде өз бақылауыңызға алып қадағалауды ескертемі!", - деп айтты Түркістан облыстық Полиция департаменті бастығы, полиция генерал майоры Қабденов Мұрат Талапұлы.
Жасөспірім арасындағы болатын құқықбұзушылықтар мен кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстың алдын алуға және болдырмауға, олардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шара аудан көлемінде жалғасатынын хабарлаймыз!