Байдарка және каноэде есуден спорт мектебінің ашық біріншілігі өтті

Байдарка және каноэде есуден спорт мектебінің ашық біріншілігі өтті

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай байдарка мен каноэде есуден Л.Тәжиева атындағы № 4 спорт мектебінің ашық біріншілігі ұйымдастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.

Жарыста 2010-2011 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер 150, 200 метр қашықтық бойынша бақ сынады. Жалпы 70 жас спортшы қатысуға өтініш берген.

Іс-шараның ашылу рәсімінде қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков, әлем чемпионы Біржан Жақыпов, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл жасөспірімдерді бүгінгі мерекемен құттықтап, жарыста сәттілік тіледі.

Байдарка мен каноэде есуден 200 және 500 метрге 6 санат бойынша жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

Жарыс нәтижесі төмендегідей:

К-1 Ұлдар 2010 - 2011 т.ж.

1 орын - Суханов Илья - 200 және 500 метр

2 және 3 орын - Дадаев Эдгар - 200 және 500 метр

2 орын - Утробин Владимир - 500 метр

3 орын - Искаков Елизар - 200 метр

С-1 Ұлдар 2010 - 2011 т.ж.

1 және 2 орын - Соболев Сергей - 200 және 500 метр

2 және 3 орын - Бразгин Игорь - 200 және 500 метр

3 орын - Исроилов Адильбек - 200 және 500 метр

К-1 Ұлдар 2012 - 2013 т.ж.

1 орын - Окаев Артём - 200 және 500 метр

2 орын - Потешкин Максим - 200 және 500 метр

3 орын - Моминов Азиз - 200 және 500 метр

С-1 Ұлдар 2012 - 2013 т.ж.

1 орын - Валиев Тимур - 200 және 500 метр

2 орын - Гончаров Вадим - 200 және 500 метр

3 орын - Мунтянов Александр - 200 және 500 метр

К-1 Қыздар 2011 - 2013 т.ж.

1 орын - Эверт Эрин - 200 және 500 метр

2 орын - Ханшикова Софья - 200 және 500 метр

3 орын - Лобанова Веолета - 200 және 500 метр

С-1 Қыздар 2010 - 2013 т.ж.

1 орын - Джапарова Милана - 200 метр

1 орын - Дмитриенко Виктория - 500 метр

2 орын - Джелилова Хатидже - 200 метр

2 орын - Дмитриенко Анастасия - 500 метр

3 орын - Тютюнникова Полина - 200 метр

3 орын - Гизенко София - 500 метр

Айта кетейік, биылғы Париж Олимпиадасына аталған спорт түрінен қаладан 3 спортшы (Сергей Токарницкий, Сергей Емельянов, Руфина Искакова) жолдама алды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне...