Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Республикасы Президентінің стратегиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жеке өкілі Франсуаза Жолиді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Республикасы Президентінің стратегиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жеке өкілі Франсуаза Жолиді қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франсуаза Жолиге ілтипат білдіре отырып, оның бұл сапары Қазақстан мен Конго Республикасы арасындағы өзара тиімді байланыстарды дамытуға деген шынайы ниеттің белгісі саналатынын атап өтті,  деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы биыл елдеріміз дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығын атап өтетініне тоқталып, Конго Республикасымен ықпалдастықты нығайтуға дайын екенін айтты.

Өз кезегінде Франсуаза Жоли құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Президент Дени Сассу-Нгессоның ізгі тілегін жеткізді.

Кездесуде Конго Республикасы Президентінің Қазақстанға жасайтын алдағы сапарына қатысты мәселелер, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ