Музей қорындағы «Жауапнама»

Музей қорындағы «Жауапнама»
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығы қор бөлімінің жазба ескерткіштер тобында КК2322 номерлі «Жауапнама» сақталған. Бұл жәдігерді музей қорына 2003 жылы Түркістан қаласы, Сұлтанов көшесі, 215 үйдің тұрғыны К.Керімбеков өткізген.
Бұл жауапнама араб және түркі тілінде жазылған. Авторы белгісіз. Мұндай «Жауапнамалар» қайтыс болған адамның кебініне «О дүниедегі» сұралатын сұрақ-жауабы жеңіл болсын деген мақсатта кебініне орап көмілетін болған. Аталған "Жауапнамада" "Қабірде Мүңкір мен Нәкір (сұрақ-жауап алатын періштелер) сұрақ сұрағанда осы дұғалардың көмегі тиеді, кебінінің астына немесе көкірегінің үстіне қойса, қабір азабын көрмейді" деп жазылған.
"Жауапнаманың" жоғары жағына Кәлимаи шәһәдат, Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у) салауат, қиямет күнінің күмәнсіз келетіндігі жөнінде аят, содай-ақ Раббым - Алла, дінім - Ислам, Пайғамбарымыз - Мұхаммед (с.а.у), момындар - бауырымыз, Құранның рахмет, нұр және жетекші, Меккенің - құбыла болғанына разымын, Мүңкір-Нәкір сұрағы, Сырат көпірі, есеп алу, мизан таразысы, Кітап, қиямет күні хақ" деп жазылған.
Оң жақтағы жоғарғы шеңберде пайғамбардан кейінгі алғашқы екі халифа - Әбубәкір Сыддық (р.а) және Омар ибн аль-Хаттабтың (р.а), ал төменгі шеңберде пайғамбардың немерелері Хасан және Хусейннің есімдері жазылған.
Ортадағы үлкен шеңберде Муһри шәриф (қасиетті шәриф) деп жазылған. Айналдыра «Лә хаулә уа ля қууата иллә биллахил ғалиил ғазим» (Мағынасы Алладан басқа қуатты және күшті болған Жаратушы жоқ) дұғасы, ішкі кіші шеңбердің жоғарғы бөлігінде - Бисмиллях Я Хаким (Дана, данышпан), Я Алла, Я Алла, Я Қадим, Я Алла, Я Саттар, Я Алла, Я Субхан түріндегі Алланың көркем есімдерінің бірнешеуі берілген.
Сол жақтағы жоғары шеңберде Мұхаммед (с.а.у) пайғамбарымыздан кейін халифалық еткен 3-ші және 4-ші халифалар - Осман (р.а) және Әли (р.а) есімдері, төменгі шеңберде Мұхаммед пайғамбардың анасы Әмина мен қызы Фатиманың есімдері жазылған.
«Лә хәулә уа лә қууатә иллә билләхиль ғалииль ғазим» (Мағынасы Алладан басқа қуатты және күшті болған жаратушы жоқ) «Я Уалиию Я Аллаһ, Я Уакилу Я Аллаһ, Я Жалилу Я Алла» дұғаларының жазбалары қағаз бетіне бірнеше жерге түсірілген.
"Жауапнаманың" төменгі жағында әдетте тұмарларда өте көп жазылатын Қалам сүресінің 51 аяты жазылған.
 
Жанат Майлыбаева - «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының сақтаушы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

26 қазан күні Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының отандық кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларының ашықтығы мен...