Шомылу орындарында шағын кемелерді пайдалану қатаң бақылауға алынады — Көлік министрі

Шомылу орындарында шағын кемелерді пайдалану қатаң бақылауға алынады — Көлік министрі

Көлік министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп шағын көлемді кемелерді пайдаланылуды бақылау бойынша шаралар қабылдауы тиіс. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Отырыста көлік министрі Марат Қарабаев жаппай демалыс орындарында шағын көлемді кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі көлік инспекциясының дайындығы туралы баяндады. 

Министрдің айтуынша, демалушылардың ақауы бар кемелерге мініп, аяғы қайғылы оқиғамен аяқталатын жағдайлар аз емес. Бұл мәселеде қатаң бақылау қажет. 

Елімізде 5 мыңнан астам өзен, көл және шағын көлемді кемелер пайдаланылатын өзге де су айдындары бар.

Шағын көлемді кемелердің жалпы саны 19 мың бірлікті құрайды, олардың ең көп саны тіркелген өңірлер Атырау және Шығыс Қазақстан облыстары, Алматы қаласы, Алматы, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау және Қарағанды облыстары болып табылады. 

«Өткен жылғы навигацияда шағын көлемді кемелерде 4146 тексеру жүргізілді, 857 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Биылғы 10 маусымдағы жағдай бойынша 311 шағын көлемді кеме тексеріліп, 98 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Болжам бойынша кем дегенде 4300 тексеру жүргізуді жоспарлап отырмыз», — деді көлік министрі М. Қарабаев.

Министрдің мәліметінше, шағын көлемді кемелерді пайдалануда заңнаманы бұзушылықтың негізгі түрлеріне су көлігін жеке құтқару құралдарынсыз пайдалану, кеменің бортынан қоқыс пен басқа да заттарды суға тастау, шағын көлемді кемені басқару құқығы жоқ адамның басқаруы және кеме жүргізушілердің навигациялық белгілердің талаптарын сақтамауы жатады. 

«2020-2023 жылдар кезеңінде біз қазақстандық өндірістің 11 қызметтік шағын көлемді кемесін сатып алдық, оның ішінде өткен жылы 4 бірлік алынды. Қазіргі қажеттілік 5 бірлікті құрайды, осыған байланысты біз Қаржы министрлігімен бірге қосымша тағы да 5 бірлікті алуды пысықтап жатырмыз», — деді министр. 

Қолданыстағы заңнама бойынша көліктік бақылау барысында ұсталған шағын көлемді кемелерді сақтау жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда жүзеге асырылуға тиіс. 

Министрлік мұндай тұрақтардың жоқтығын ескере отырып, әкімдікпен оларды қолданыстағы демалыс аймақтары, яғни коммуналдық меншік болып табылмайтын нысандар базасында тікелей су айдындарының жағасында құру мәселесін шешуді ұсынып отыр. 

«Ол үшін біз тиісті заңнамалық өзгерістерді әзірледік. Олар Президент әкімшілігімен келісілді. Заңнамалық өзгеріс қабылданғаннан соң, құқықты бұзып отырған кемелердің баршасына түбегейлі айыппұл салу және тиісті алаңдарға алып барып, ұстау мәселесі шешілетін болады», — деді М. Қарабаев.

Министр мәлімдегендей, аталған заң жобасы қабылданғаннан кейін маңызды мәселелер түбегейлі шешілетін болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрметті отандастар! Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!  Мемлекет басшысы айтулы күннің тарихи тағылымын ел жадында қайта жаңғыртып, мызғымас...