Транзиттік әлеуетті дамыту: вице-премьер Нұрлан Байбазаров авто және темір жол құрылысы туралы айтты

Транзиттік әлеуетті дамыту: вице-премьер Нұрлан Байбазаров авто және темір жол құрылысы туралы айтты

Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров биыл бұған дейін басталған жолдардың құрылысы аяқталатынын хабарлады, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Олардың қатарында Талдықорған – Өскемен трассасы, Астана-Алматы жолын реконструкциялау, Балқаш маңындағы және батыс өңіріндегі кейбір жолдарды қайта жаңарту және салу жобалары бар.

«Достық – Мойынты», Алматы қаласының айналма жолы, Дарбаза – Мақтаарал, Бақты – Аягөз темір жолдарының құрылысы жалғасуда. Аталған жобалар өткен жылы басталған болатын. Бұл жобалардың барлығы еліміздің транзиттік әлеуетін дамытуға және Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы негізгі транзиттік хаб ретіндегі позициясын бекітуге бағытталған. Осы жобалардың барлығын іске асыру, әрине, Орта дәлізді дамытуға ықпал етеді», — деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.

Осыған байланысты «Қазақстан темір жолы» жүйесіндегі негізгі құралдар белсенді түрде жаңартылып, жаңа жүк вагондары сатып алынуда. Бұл жұмысқа отандық өндіріс қуаты тартылған.

«Біз осы саладағы зауыттарымызға тапсырыс береміз. Мұның барлығы көлік-транзит әлеуетін дамытуға бағытталған», — деп атап өтті вице-премьер.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В Послании Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева «Справедливый Казахстан: закон и порядок, экономический рост, общественный...

В Карагандинской области открылся новый пост пожаротушения – в селе Ахмет Нуринского района. Он обеспечивают защиту более тысячи человек. Пост...

Қасым-Жомарт Тоқаев Патрик Мпойи Луабеяға ілтипат білдіріп, оның сапарын Қазақстан мен Конго Демократиялық Республикасы арасындағы ынтымақтастықты...