Қазақстанда вольфрам кендерін игеру бойынша өндіріс жыл соңына дейін іске қосылады

Қазақстанда вольфрам кендерін игеру бойынша өндіріс жыл соңына дейін іске қосылады

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Jiaxin International Resources Investment (ҚХР) компаниясының басшылығымен кездесті. Кездесу индустриялық ынтымақтастық саласындағы Қазақстан-Қытай жобаларының тізбесінен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингі шеңберінде өтті, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Компания Алматы облысында вольфрам кен орындарын өнеркәсіптік игеру бойынша жобаны іске асыруда ($350 млн инвестиция, 1000 жұмыс орны).

Jiaxin International Resources Investment Директорлар кеңесінің төрағасы Лю Лицян жобаны іске асыру барысында атқарушы мемлекеттік органдардың белсенді түрде көмектесіп жатқанын атап өтті. Пайдалануға беру осы жылдың соңына жоспарланған.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан қаласында «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізі бойында орналасқан көпірде сурет салуға арналған арнайы алаңдар бар. Осы...

ҚР Оқу-ағарту министрлігімен, Қазақ тағамтану академиясымен, ЮНИСЕФ және ДДҰ-мен бірлесіп 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енетін мектептегі...