Олжас Бектенов CITIC Group басшысы Си Гохуамен бірлескен инфрақұрылым жобаларын іске асыру қарқынын талқылады

Олжас Бектенов CITIC Group басшысы Си Гохуамен бірлескен инфрақұрылым жобаларын іске асыру қарқынын талқылады

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов CITIC Group Директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуамен кездесуде қазақ-қытай бірлескен жобаларын іске асыру және энергетика мен өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Қазіргі сәтте қытайлық компанияның қатысуымен республикалық маңызы бар автожолдарды реконструкциялау бойынша ірі инфрақұрылым жобалары іске асырылуда. Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 1 131 км болатын «Талдықорған – Өскемен» және «Қарағанды – Балқаш» трассаларының 24 учаскесінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда «Талдықорған – Өскемен» автожолында 768 км-дің 748 шақырымында төменгі жабын қабаты бойынша қозғалыс ашылды, жол жабынының жоғарғы қабаты бойынша қалған жұмыс 48%-ды құрайды; «Қарағанды – Балқаш» трассасы бойынша барлық 363 км бойы жабынның төменгі қабаты бойынша қозғалыс ашық, жол жабынының жоғарғы қабаты бойынша қалған жұмыс 49%-ды құрайды.

Сонымен қатар жол инфрақұрылымын одан әрі жаңғырту жөніндегі амбициялық мақсаттарды ескере отырып, тараптар «CASPI BITUM» БК» ЖШС зауытының қуатын жылына 750 мың тоннаға дейін ұлғайту жобасын іске асыру барысын қарады. Аталған жобаны іске асыру құрылыс маусымы қызатын кезеңде битумға деген қажеттілікті жабады.

Мәселені талқылау барысында кездесуге қатысушылар ауыл шаруашылығы, таза энергетика, қоршаған ортаны қорғау және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін атап өтті.

Анықтама: «CITIC Group» корпорациясы 1979 жылы құрылған. CITIC Group Қазақстанда энергетика, химия өнеркәсібі, қаржы, инфрақұрылым және басқа да салалардағы жобаларды іске асырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде, деп...