Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде жылыту маусымына дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.
Петропавл ЖЭО-2 жабдығының 57,3%-ға, Солтүстік Қазақстан ЭТК – 96,6%-ға, жылу желілерінің 77,5%-ға тозуын ескере отырып, өңірде жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Биыл Петропавл ЖЭО-2-де инвестициялық және жөндеу науқандары шеңберінде 17,6 млрд теңгеге жұмыс атқару жоспарлануда. 2027 жылға дейін 739 км әуе желілері мен 240 қосалқы станса салу үшін жыл сайын 4 млрд теңгеден бюджет қаражатын бөлу жоспарланған. Жалпы, жөндеу және жаңғырту жұмыстарына акционерлердің қаражатынан 17,6 млрд теңге бағытталды.
Роман Скляр жылыту маусымының бөгеліссіз өтуі үшін жұмыстың сапасын әрі мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Петропавлда Премьер-Министрдің бірінші орынбасары 600 оқушыға арналған жайлы мектептің құрылысын тексерді. Кәріз, су, электр және жылумен жабдықтау желілерін жүргізу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Жұмыс сапарының аясында Роман Скляр жаңа «Бірлік» ықшам ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы барысын тексерді.
Бүгінгі таңда 150-ден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Р. Склярға 1 қазанға дейін 700 үйдің құрылысын аяқтау жоспарланғаны баяндалды. Жұмыс Kaspi, Kazakhmys және KAZMinerals Management компанияларының қаражатына жүргізілуде.
Роман Скляр сонымен қатар Петропавл қаласының су тасқынынан зардап шеккен Ойқала шағын ауданында жөндеу-қалпына келтіру жұмысын тексерді.
Қазіргі уақытта 15 механикаландырылған бригада жұмылдырылған. 56 үйде жөндеу (кептіру) басталды, 174 ғимарат бұзылды.
Құрылыс маусымының қысқа екенін ескере отырып, бірінші вице-премьер барлық қалпына келтіру жұмысын жеделдетуді әрі олардың сапасын қамтамасыз етуді тапсырды.