Төтенше жағдайларға ден қою саласында волонтерлердің мобильді тобын құру бойынша пилоттық жоба басталды

Төтенше жағдайларға ден қою саласында волонтерлердің мобильді тобын құру бойынша пилоттық жоба басталды

Қостанай қаласында ТЖ-ға ден қою саласында волонтерлердің мобильді тобы құрамына 15 кандидатты іріктеу және оқыту басталды, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасында волонтерлікті дамыту мен қолдаудың 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде Қостанай облысы ТЖД базасында ТЖ-ға ден қою саласында волонтерлердің мобильдік тобын құру жөніндегі пилоттық жоба іске асырылуда.

Дайындық бағдарламасы дене даярлығы бойынша нормативтерді тапсырудан, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан және құтқару бөлімшелерінің қызметімен танысу бөлігінен басталды.

Бір апта ішінде волонтерлер практика мен теорияда өрт, медициналық және психологиялық дайындық курстарынан өтеді.

Бұл жобаны Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары бойынша кеңес  волонтерлік қозғалыстары көшбасшыларының слеті шеңберінде «ТЖ салдарын азайтудағы волонтерлік қоғамдастықтың рөлі» панельдік сессиясында таныстыру жоспарлануда.

Пилоттық жоба іске асырылғаннан кейін дайындық бағдарламасы волонтерлердің  ұқсас мобильді топтарын құру үшін ел өңірлеріне жіберілетін болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

  Қазақстанда шетелдік инвестицияларды тарту үшін жағдайды жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Осы бағыттағы кезекті қадам – инвесторлық виза, яғни...

Қазақстан өзінің минералдық-шикізаттық базасын белсенді дамытып, жоғары технологиялық өнімдерді өңдеу мен өндіруге инвестициялау үшін қолайлы жағдай жасай...

AIS OIP мобильді қосымшасы азаматтарға атқарушылық өндіріс саласындағы ақпарат пен қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Қолданбаны Google...

9 мая 2025 года в Парке Победы состоялась театрализованная концертная программа, посвящённая 80-летию Великой Победы в Великой Отечественной...