Үкімет Петропавлда автожол өтпесін салуға 2,9 млрд теңге бөлді

Үкімет Петропавлда автожол өтпесін салуға 2,9 млрд теңге бөлді

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Петропавл қаласында апатты жол өтпесінің құрылысын аяқтауға 2,9 млрд теңге бөлу туралы Үкімет қаулысы қабылданды, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Аталған жобаның қала үшін маңызы зор, өйткені 1961 жылы салынған автожол өтпесі апатты жағдайда.

Теміржол магистралі қаланы екі бөлікке бөледі, Караванная көшесіндегі автожол өтпесінен күн сайын 16 мыңға жуық автокөлік қатынайды, аудандар мен облыс орталығы арасындағы көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысын қамтамасыз етеді. Оның шағын өлшемі мен көлік ағынының жоғары қарқындылығына байланысты аталған автожол өтпесінде көлік қозғалысын шектемей жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін емес, бұл қала тұрғындары үшін қолайсыздық тудыруы мүмкін. 

Осыған байланысты, Универсальная көшесінің бойында бұрыннан бар жолмен қатарластыра жаңа жол өтпесін салу туралы шешім қабылданды. Жобаның жалпы құны 5,9 млрд теңгені құрайды, оның бір бөлігі жергілікті бюджеттен қаржыландырылған.

Айта кету керек, осы жылдың наурыз айында СҚО-ға жұмыс сапары барысында Премьер-Министр жол өтпесінің құрылыс алаңына барып, жұмыс барысымен танысты. Нысанның маңыздылығы туралы айта келе, Олжас Бектенов жол-көлік инфрақұрылымын дамыту Үкімет жұмысының басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығында агродрондарды қолдану тәжірибесін қолдану мен кеңейтудің...

Премьер-министр Олжаса Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын және транзиттік әлеуетті дамыту мәселелері қаралды, деп...